10:47 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Баспасөз орталығы
Қысқа сілтеме алу
64 0 0

Депутаттың айтуынша, батыс Орталық Азия елдеріне босқындарды өз аумағында қабылдау үшін ақша ұсынып жатыр

НҰР -СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Ауғанстандық босқындар Ресей мен басқа да посткеңестік елдердің аумағына енсе, үлкен қауіп төндіреді, деп мәлімдеді Ресей сенаторы Андрей Климов Sputnik ақпарат агенттігі алаңындағы Мәскеу – Нұр-Сұлтан – Бішкек – ​​Ереван бейнекөпірінде.   

"Босқындардың атын жамылып Ресей аумағына әр түрлі бұқараның келуі Ресей үшін де, посткеңестік елдер үшін де үлкен сын-қатер. Біздің шетелдік серіктестер не істеп жатыр? Олар өздерінің саясатының арқасында пайда болған босқындардың бір бөлігін қабылдау үшін Орталық Азияның тұрмысы төмен елдеріне ақша ұсынып отыр", - деді Климов.  

Ол Ресей жылдар бойы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету арқылы қолдау көрсеткенін атап өтті.

"НАТО елдері Ауғанстандағы гуманитарлық мәселелерді шешу үшін Кеңес Одағы жұмсаған бір тиынды да бөлген жоқ. Ал 20 жыл бойы елдің ішінде болғанда қандай "жетістікке" жетті? Ауғанстан әлемдегі героиннің 98% өндіреді. Бұл жағдай НАТО өзінің гуманитарлық бағдарламаларын жүзеге асырғаннан кейін 20 жылдан соң болып отыр", - деп мәлімдеді Андрей Климов.

Еске сала кетейік, Талибан * бір айдан астам уақыт бұрын үкімет әскеріне қарсы шабуылды күшейтіп, 15 тамызда Кабулға кірді. Келесі күні олар соғыстың аяқталғанын хабарлады. 31 тамызға қараған түні АҚШ әскері Кабул әуежайынан шығып кетті.

Талибан* - Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірнеше елде тыйым салынған террористік ұйым.

Загрузка...

Басты тақырып