Өңірлер

Жайық пен Каспийдің тартылуынан балықшылар кәсіпсіз қалуы мүмкін - видео

© Sputnik / Константин Михальчевский / Фотобанкке өтусу қоймасы
су қоймасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Мемлекеттік квотамен 30 мың тонна балық аулауға тиіс балықшылар жоспардың жартысын да орындай алмаған

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Жайық өзенінің тартылып, Каспий теңізінің таязданып кетуі Атыраудағы балық шаруашылығының дамуына кедергі келтіріп отыр.

Өңірдегі мыңдаған балықшы Жайық-Қиғаш өзені мен Каспий теңізінен мемлекеттік квотамен 30 мың тонна балық аулауы керек болатын. Бірақ өзен суының тартылып, теңіз жағасының 20 шақырымға алыстап кетуінен бұл жоспардың жартысы да орындалмаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жайықтың деңгейі 2019 жылы тарихи минимумға түскен. Ал Каспийдің жағасы жылдан жылға алыстап, биыл 20 шақырымға құрғаған.

Бұған дейін күз келе салысымен, квота алған балықшылар жылдық қорын жинап алатын. Алайда биыл балықтан нәпақа көретіндер одан қағылайын деп отыр.

"Жайық құрып бара жатыр. 250 метр ауға 30 келі ғана балық шығып тұр. Бұрын 4-5 тонна шығатын. Былтырлары жақсы еді, биыл жағдай қиын. Енді су толмаса, кәсіпсіз қалатын түріміз бар", – дейді балықшы Ғаббас Мұратов.

Өзендегі судың таяздығынан балықтың шығуы қиын. Жайық бойын жағалай 15 тартым аумақта 11 кооператив орналасқан. Бірақ түсім нашар.

Балық ауланатын кейбір тартым жабылып та үлгерген. Ал Каспий теңізіне қарай бағыт алғандар жарты метрге дейінгі таяздан өте алмайды.

"Биыл Жайықтың деңгейі 2 метрдей түсіп кетті. Он күн бұрын солтүстіктен соққан желдің бағытынан Жайықта да, теңізде де су деңгейі қатты төмендеді. Осы жерден теңізге қарай қайықтардың шығуына мүмкіндік жоқ, үлкен кемелер де, шағын қайықтар да шыға алмай тұр", – деді балық қорғау инспекциясының бас маманы Амангелді Ахтанов.

Квота негізінде Атырау балықшылары Жайық, Қиғаш өзендерінен 30 мың тонна балық аулауы керек болатын.

Дегенмен қорда әзірге 8 мың тонна бар. Ал су деңгейі көтерілмесе 2022 жылдың көктемінен де үміт жоқ деген сөз.

Табиғи апат жалғаса берсе, Жайық-Қиғаш бойын мекендеген 17 балықшы кооперативінде мыңдаған адам жұмыссыз қалуы да мүмкін.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0