Өңірлер

Жайық өзенінің экологиялық жағдайы қалай жақсарады

© Sputnik / Александр Лыскин / Медиабанкке өтуВ верховье реки Урал, архивное фото
В верховье реки Урал, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап Жайық өзеніндегі су ағынының көлемі біртіндеп азайып келеді

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Ресей Жайық өзенінің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмысты бастады, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің трансшекаралық өзендер департаменті.

Орал тұрғындары Жайық өзенінің тез тартылып жатқанын үреймен бақылап отыр. Мұнда су азайып, орнына құм пайда болып жатыр. Жергілікті тұрғындар өзеннің қазіргі жағдайын фотоға түсіріп, дабыл қақты.

Экология министрлігінің хабарлауынша, өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап Жайық өзеніндегі су ағынының көлемі біртіндеп азайып келеді. Оның бірнеше себебі бар. Ең алдымен бұл судың азаю кезеңінің басталғанына байланысты болып отыр. Бұл өзендердегі су деңгейінің төмендеуіне, жерді жыртуға және орманды кесуге байланысты өзеннің гидрографиялық желісінің нашарлауына әсер ететін климаттық факторлар.

Жайық өзеніндегі су жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін Ресей тарапымен Жайық өзенінің гидрологиялық режиміне бірлескен зерттеулер жүргізу туралы келісімге қол қойылды. Осы мақсатта 2020 жылдың қазанында Жайық, Ертіс секілді ірі өзендерде зерттеулер жүргізу бойынша іс-шараның кестесі бекітілді.

"Қазір қазақстандық және ресейлік сарапшылар бірыңғай жол картасын жүзеге асыруға кірісті", - делінген ақпаратта.

Іс-шара барысында Жайық өзенінің гидрологиялық режимін және экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған бірлескен шаралар қабылданады. Алайда министрлік өзен суын қалпына келтіру жоспарына сай қандай шаралар қабылданатынын нақтыламады.

Жаңалықтар
0