Өңірлер

Енесіне күн көрсетпеген: Қызылорда облысы тұрғынының үстінен арыз түсті

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуқарт әйел
қарт әйел - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Қарт әйел заң аясында 30 тәулікке қорғауға алынды. Қазіргі күні бұл отбасымен профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА, 23 қазан – Sputnik. Қызылорда облысында егде жастағы әйел өзінің келінінен зорлық көріп келген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқиға Шиелі ауданында болды. 44 жастағы келіні 70 жастағы енесін ұрып-соққан.

Аудандық полиция бөліміне жергілікті азаматшадан хабарлама келіп түскен. Егде жастағы әйел келінінің өзіне қол көтеретініне шағымданған.

"Хабарлама негізінде бөлімнің учаскелік полиция инспекторлары тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде келіні 70 жастағы енесін ұрып-соққаны анықталды", - дейді полициядағылар.

Қарт әйел заң аясында 30 тәулікке қорғауға алынды. Қазіргі күні бұл отбасымен профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дәл осы Шиелі ауданының Алмалы ауылында отбасылық жанжалдың салдарынан бірнеше адамның қайтыс болғанын
хабарлаған болатынбыз.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0