Мәдениет

Берлинде Абайдың ескерткіші ашылды

© Photo : Министерство культуры и спорта Республики КазахстанБерлинде Абайдың ескерткіші ашылды
Берлинде Абайдың ескерткіші ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2021
Жазылу
Министр Германия халқы мен үкіметіне Абайға ескерткіш орнату жөніндегі ұсынысты қолдап, демеу көрсеткені үшін алғыс білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Берлин қаласында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Ескерткіштің ашылу рәсіміне министр Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстан Республикасының Германиядағы төтенше және өкілетті Елшісі Дәурен Кәріпов қатысты.

Ақтоты Райымқұлова Германия халқы мен үкіметіне Абайға ескерткіш орнату жөніндегі ұсынысты қолдап, демеу көрсеткені үшін алғыс білдірді.

"Абай Құнанбайұлы мен Германия халқының ұлы ақыны Гете поэзиясы арасында таңғаларлық үндестікті байқамау мүмкін емес. Абай аудармасының арқасында біз Иоганн Гетенің біршама туындысымен етене таныстық. Соның бірі, әрі бірегейі хакім ана тілімізде сөйлеткен "Қараңғы түнде тау қалғып" өлеңі. Осылайша, Абай екі халықтың әдебиеті мен мәдениетін байланыстырушы берік көпірге айналды",-деді мәдениет және спорт министрі.

Айта кетейік, Абай Құнанбайұлы мүсінінің авторы "Әлем халықтарының өнері" халықаралық ассоциациясының лауреаты Болат Мекебаев.

Ақтоты Райымқұлова былтыр ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы аясында Сингапурда, Болгарияда, Мажарстанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Пәкстанда, Эфиопияда, Чехияда Абай орталығы ашылғанын айтты.

Сондай орталық Мажарстан, Оңтүстік Корея Республикасы, Франция, Түркия, Өзбекстан, Мысыр, Ресей Федерациясын да ашылғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0