Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Жидебайға саяхат: Абайдың үшінші әйелі Еркежанмен тұрған үйі – фото

Жазылу
Абайдың Жидебайдағы музей-үйі Семей қаласынан 180 шақырымдай жердегі Абай ауданында орналасқан

Абайдың Ділдә, Әйгерім және Еркежан деген үш жары болған. Бұл үйде ұлы ақын үшінші әйелі Еркежанмен бірге тұрған.

Бастапқыда Еркежан Абайдың інісі Оспанның әйелі болды. Екеуі Жидебайдағы үйді мекен етті. 1892 жылы Оспан қайтыс болғаннан кейін, Еркежан әмеңгерлікпен Абайдың үшінші жары атанады. Осылайша бұл қыстау Абайдың еншісіне өтеді.

Абай мен Еркежанның ортақ балалары жоқ.

Өлкетанушылардың айтуынша, Абай Жидебайдағы үйді қайта салып, күрделі жөндеуден өткізген.

Абай заманынан жеткен құнды жәдігерлермен Sputnik Қазақстан фотолентасынан таныса аласыздар.

© Sputnik / Нұргүл АбайАбайдың үшінші әйелі Еркежанмен бірге тұрған үйі. Ақын өмірінің соңғы он жылын осы жерде өткізген.
Абайдың Жидебайдағы музей-үйі - Sputnik Қазақстан
1/22
Абайдың үшінші әйелі Еркежанмен бірге тұрған үйі. Ақын өмірінің соңғы он жылын осы жерде өткізген.
© Sputnik / Нұргүл АбайҮй бес бөлме және екі дәлізден тұрады. Музей-үйге кіру ақылы: ересектер 300 теңге, ал балалар 70 теңге төлейді.
Абайдың Жидебайдағы музей-үйі - Sputnik Қазақстан
2/22
Үй бес бөлме және екі дәлізден тұрады. Музей-үйге кіру ақылы: ересектер 300 теңге, ал балалар 70 теңге төлейді.
© Sputnik / Нұргүл АбайБұл дәлізде ақынның шәкірттері мен балаларының суреті, аудармалары мен 45 қара сөзінен алынған үзінділер ілінген
Абайдың Жидебайдағы музей-үйі - Sputnik Қазақстан
3/22
Бұл дәлізде ақынның шәкірттері мен балаларының суреті, аудармалары мен 45 қара сөзінен алынған үзінділер ілінген
© Sputnik / Нұргүл АбайҚонақ бөлмесі. Үйге келген қонақтарды осы бөлмеде күткен. Оң жақтағы төсек – Абайдың бәйбішесі Ділдәнің жасауымен бірге келген төсегі.
Абай Құнанбайұлының музей-үйі - Sputnik Қазақстан
4/22
Қонақ бөлмесі. Үйге келген қонақтарды осы бөлмеде күткен. Оң жақтағы төсек – Абайдың бәйбішесі Ділдәнің жасауымен бірге келген төсегі.
© Sputnik / Нұргүл АбайҚабырғада Ділдәдан туған Ақылбай, Әбдірахман, Мағауияның суреттері ілуі тұр. Абай Әбдірахманды Әбіш деп еркелеткен. Ол 27 жасында Алматыда әскери қызметте жүріп қайтыс болды. Араға жеті жыл салып, Мағауия көз жұмды. Мағауияның қырқын берген күні Абай Құнанбайұлы өмірден озды. Абай атамыздың қырқын берген күні тұңғыш баласы Ақылбай қайтыс болған.
Абай Құнанбайұлының Жидебайдағы музей-үйі - Sputnik Қазақстан
5/22
Қабырғада Ділдәдан туған Ақылбай, Әбдірахман, Мағауияның суреттері ілуі тұр. Абай Әбдірахманды Әбіш деп еркелеткен. Ол 27 жасында Алматыда әскери қызметте жүріп қайтыс болды. Араға жеті жыл салып, Мағауия көз жұмды. Мағауияның қырқын берген күні Абай Құнанбайұлы өмірден озды. Абай атамыздың қырқын берген күні тұңғыш баласы Ақылбай қайтыс болған.
© Sputnik / Нұргүл АбайАбайдың әкесі Құнанбай қажының тақиясы. 1875 жылы Меккеден киіп келген. Күмістелген кісе белбеу де сол кісінікі.
Абайдың Жидебайдағы музей-үйі. Құнанбайдың тақиясы  - Sputnik Қазақстан
6/22
Абайдың әкесі Құнанбай қажының тақиясы. 1875 жылы Меккеден киіп келген. Күмістелген кісе белбеу де сол кісінікі.
© Sputnik / Нұргүл АбайБұл Абай атамыздың жұмыс бөлмесі. Жұмыс үстелінде сиясауыт, кітаптары, 1896 жылы ұлы Мағауияға жазған хаты, майшам тұр
Абайдың музей-үйі, жұмыс бөлмесі - Sputnik Қазақстан
7/22
Бұл Абай атамыздың жұмыс бөлмесі. Жұмыс үстелінде сиясауыт, кітаптары, 1896 жылы ұлы Мағауияға жазған хаты, майшам тұр
© Sputnik / Нұргүл АбайЖұмыс бөлмесінің қабырғасында үш ішекті домбыра, қасқыр терісі, күмістелген кісе белбеу ілінген. Кісе белдікке қарап, ақынның ірі денелі адам болғанын білуге болады.
Абай Құнанбайұлының музей-үйі - Sputnik Қазақстан
8/22
Жұмыс бөлмесінің қабырғасында үш ішекті домбыра, қасқыр терісі, күмістелген кісе белбеу ілінген. Кісе белдікке қарап, ақынның ірі денелі адам болғанын білуге болады.
© Sputnik / Нұргүл АбайКіші қонақ бөлмесі. Жерге сырмақ жайып, үстіне құрақ-көрпе төсеп, малдас құрып отырып, әңгіме дүкен құрған бөлме. Абайдың бос уақытында ойнаған ойындары – тоғызқұмалақ, дойбы. Дойбы тастары қойдың топайшық деген сүйегінен жасалған. Ақын пайдаланған есепшот, былғары дорба. Бұл дорбаға тоғызқұмалақтың тастары салынған.
Абайдың музей-үйі, тоғызқұмалағы мен дойбысы - Sputnik Қазақстан
9/22
Кіші қонақ бөлмесі. Жерге сырмақ жайып, үстіне құрақ-көрпе төсеп, малдас құрып отырып, әңгіме дүкен құрған бөлме. Абайдың бос уақытында ойнаған ойындары – тоғызқұмалақ, дойбы. Дойбы тастары қойдың топайшық деген сүйегінен жасалған. Ақын пайдаланған есепшот, былғары дорба. Бұл дорбаға тоғызқұмалақтың тастары салынған.
© Sputnik / Нұргүл АбайАс бөлмесі. Абай Құнанбайұлы отбасымен оңаша қалғанда осы дастархан басында ас ішкен. Үстел үстінде тостағандары, кішкентай қымыз тегене, үлкен қымыз тегене тұр. Ожау арқардың сүйегінен жасалған
Абайдың музей-үйі - Sputnik Қазақстан
10/22
Ас бөлмесі. Абай Құнанбайұлы отбасымен оңаша қалғанда осы дастархан басында ас ішкен. Үстел үстінде тостағандары, кішкентай қымыз тегене, үлкен қымыз тегене тұр. Ожау арқардың сүйегінен жасалған
© Sputnik / Нұргүл АбайАс үйдегі күміс, жез самаурындар. Үлкен самаурынды 1971 жылы Абай атындағы совхоздың еңбекшілері осы мұражайға сыйға тартқан.
Абайдың музей-үйі - Sputnik Қазақстан
11/22
Ас үйдегі күміс, жез самаурындар. Үлкен самаурынды 1971 жылы Абай атындағы совхоздың еңбекшілері осы мұражайға сыйға тартқан.
© Sputnik / Нұргүл АбайЫдыс-аяқ сақталған кебеже. Құрт езген астау. Кейде ет табаққа сыймаған етті осы астаумен тартқан
Абайдың Жидебайдағы музей-үйі - Sputnik Қазақстан
12/22
Ыдыс-аяқ сақталған кебеже. Құрт езген астау. Кейде ет табаққа сыймаған етті осы астаумен тартқан
© Sputnik / Нұргүл Абай Ас үйдегі пеш. Қонақтар көп келетін болғандықтан, қос қазан қойылған: біреуіне ет асылса, екіншісіне қуырдақ қуырылған.
Абайдың Жидебайдағы музей-үйі - Sputnik Қазақстан
13/22
Ас үйдегі пеш. Қонақтар көп келетін болғандықтан, қос қазан қойылған: біреуіне ет асылса, екіншісіне қуырдақ қуырылған.
© Sputnik / Нұргүл АбайАқынның анасы Ұлжанның құманы. Ал мына үлкен жез легенге апасы Абайды қырқынан шыққанша суға түсірген.
Абайдың Жидебайдағы музей-үйі - Sputnik Қазақстан
14/22
Ақынның анасы Ұлжанның құманы. Ал мына үлкен жез легенге апасы Абайды қырқынан шыққанша суға түсірген.
© Sputnik / Нұргүл АбайЕр-тоқым. Әр тасы күмістен жасалған. Абай екінші әйелі Әйгерімді әйелдікке алған кезде жорға атқа тағып, сыйға тартқан ер-тоқымы.
Абайдың Жидебайдағы музей-үйіндегі жәдігерлер - Sputnik Қазақстан
15/22
Ер-тоқым. Әр тасы күмістен жасалған. Абай екінші әйелі Әйгерімді әйелдікке алған кезде жорға атқа тағып, сыйға тартқан ер-тоқымы.
© Sputnik / Нұргүл АбайБұл Абайдың әмеңгерлікпен алған үшінші жары Еркежанның бөлмесіндегі төсек. Жасауымен бірге келген. Ағаш пен сүйектен жасалған. Тұскиіз жөндеуден өтпеген, сол баяғы қалпын сақтап тұр. Шымылдық былтыр ақынның 175 жылдық мерейтойына орай жаңартылды.
Абайдың Жидебайдағы музей-үйі. Еркежанның бөлмесі  - Sputnik Қазақстан
16/22
Бұл Абайдың әмеңгерлікпен алған үшінші жары Еркежанның бөлмесіндегі төсек. Жасауымен бірге келген. Ағаш пен сүйектен жасалған. Тұскиіз жөндеуден өтпеген, сол баяғы қалпын сақтап тұр. Шымылдық былтыр ақынның 175 жылдық мерейтойына орай жаңартылды.
© Sputnik / Нұргүл АбайАбайдың үшінші әйелі Еркежанның асыл бұйымдары: маржан моншақ, сырға, күміс білезіктері.
Абайдың Жидебайдағы музей-үйі, Еркежанның әшекей бұйымдары - Sputnik Қазақстан
17/22
Абайдың үшінші әйелі Еркежанның асыл бұйымдары: маржан моншақ, сырға, күміс білезіктері.
© Sputnik / Нұргүл АбайЕт сақтаған бөлме – шошала немесе тошала. Қонақтың көптігінен жұмасына төрт-бес қара мал сойылған. Сол малдың етін осы бақанға іліп, сыймағанын көлденең сырғауыл тартып ілген. Ал қара қазанға ет асқан.
Абайдың Жидебайдағы музей-үйі - Sputnik Қазақстан
18/22
Ет сақтаған бөлме – шошала немесе тошала. Қонақтың көптігінен жұмасына төрт-бес қара мал сойылған. Сол малдың етін осы бақанға іліп, сыймағанын көлденең сырғауыл тартып ілген. Ал қара қазанға ет асқан.
© Sputnik / Нұргүл АбайАңшылықтан кейін бүркіт қондырған тұғыры
Абайдың Жидебайдағы музей-үйі - Sputnik Қазақстан
19/22
Аңшылықтан кейін бүркіт қондырған тұғыры
© Sputnik / Нұргүл АбайҮйдің кіреберіс ауласында Абай мінген пәуеске тұр.
Абай мінген пәуеске - Sputnik Қазақстан
20/22
Үйдің кіреберіс ауласында Абай мінген пәуеске тұр.
© Sputnik / Нұргүл АбайМузей-үйден басталатын жолмен әрі қарай жүрсеңіз, Абай-Шәкәрім мемориалдық кешеніне келесіз. Бұл кесенелерде Абай Құнанбайұлы кенже інісі Оспанмен және Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің ұлы Ахатпен жерленген.
Абай-Шәкәрім мемориалдық кешені  - Sputnik Қазақстан
21/22
Музей-үйден басталатын жолмен әрі қарай жүрсеңіз, Абай-Шәкәрім мемориалдық кешеніне келесіз. Бұл кесенелерде Абай Құнанбайұлы кенже інісі Оспанмен және Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің ұлы Ахатпен жерленген.
© Sputnik / Нұргүл АбайБұл қорымда Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжан, ағасы Құдайберді жатыр. Зират мемориалдық кешенге баратын жолдың бойында орналасқан.
Зере мен Ұлжанның зираты - Sputnik Қазақстан
22/22
Бұл қорымда Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжан, ағасы Құдайберді жатыр. Зират мемориалдық кешенге баратын жолдың бойында орналасқан.
Жаңалықтар
0