"Astana Jastary" еріктілері алдағы екі аптада үйлерді аралау қарқынын арттыруға ниетті. Оқушылар мен студенттер буклеттерді Нұр-Сұлтанның барлық төрт ауданында, сондай-ақ Үркер-Ильинка тұрғын алабында, "Пригородный", "Оңтүстік-Шығыс" және "Шұбар" шағын аудандарында таратуды жоспарлап отыр.
"Біздің іс-шара елордалық статистика департаментімен бірлесіп өтуде. Бұл акцияның ерекшелігі - біз азаматтарға санақ туралы ақпаратты тікелей үйден алуға мүмкіндік береміз. Буклеттерде интервьюер қандай күндері келеді және онлайн форматта халық санағынан қалай өту керектігі жазылған. Еріктілердің міндеті - адамдар жобаның маңыздылығын түсінуі үшін ақпаратты жеткізу", - деді ерікті Дамир Айтымов.
Естеріңізге сала кетейік, 16 қазаннан бастап Қазақстанда онлайн санақ науқаны аяқталды. 45 күн ішінде 39,6% немесе 7 527 458 адам қамтылды. Сұхбат алушылардан 3 миллион 792 мыңнан астам адам сұралды. Жалпы санақтан халықтың 60% өтті.
Интервьюерлердің үйлерді офлайн аралау жұмыстары 30 қазанға дейін жалғасады.
Оқи отырыңыз:
- Халық санағы: онлайн қызмет қайта іске қосылды
- Қазақстандықтар атынан санақтан басқа адамдар өтіп жатыр ма