Әлем

Америкалық актер түсірілім кезінде екі адамға оқ атты

© REUTERS / Mike BlakeАктер Алек Болдуин
Актер Алек Болдуин - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2021
Жазылу
Оқиға түсірілім алаңында болған. Фильм режиссері мен операторы жарақат алды, оператор Алина Хатчинс қайтыс болды

АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Америкалық актер Алек Болдуин түсірілім алаңында операторға тапаншадан оқ атты, салдарынан әйел қайтыс болды, деп хабарлады РИА Новости Санта-Фе округі шерифінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оқиға Нью-Мексико штатында вестерн жанрындағы "Ржавчина" фильмінің түсірілім алаңында болды. Болдуин оқталмаған реквизит тапаншадан оқ атуы керек болған. Алайда тапанша оқталған болып шықты, оқ бөліктері ұшып, екі адам жарақат алды.

Фильм режиссері Джоэл Соуз бұғанасын жарақаттады, ол ауыр жағдайда жатыр. 42 жастағы оператор Алина Хатчинс ауыр жарақат алды. Оны әуе арқылы Альбукерке қалалық ауруханасына жеткізді, алайда дәрігерлер аман алып қала алмады.

Фильм түсірілімі тоқтатылды.

"Шериф кеңсесі реквизит тапаншадан оқты Алек Болдуин атқанын растайды", - делінген хабарламада.

Болдуинге қатысты әлі айып тағылған жоқ, деді Санта-Фе округі шериф кеңсесінің өкілі Хуан Риос.

Тапаншаның не себепті оқтаулы болғаны және Болдуиннің режиссер мен операторға неге оқ атқаны айтылмады.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0