Қоғам

Президент татулыққа қарсы айтылған бірде-бір сөз жауапсыз қалмайтынын айтты

© Photo : pixabay/rawpixelқолдар
қолдар - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы ассамблеяның ақпараттық жұмысын тиімді жүргізу мәселесіне назар аударды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясын әлеуметтік желіде белсенді болуға үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы ассамблеяның ақпараттық жұмысын тиімді жүргізу мәселесіне назар аударды.

"Әрбір аудитория үшін бөлек ұстаным болуы керек. Қазір электронды БАҚ пен әлеуметтік желі ақпарат таратудың маңызды құралына айналды. Өңір басшылары жергілікті ассамблеяның жетекшісі ретінде ақпараттық кеңістікте белсенді болуы қажет", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы ҚХА мүшелері медиа салада, соның ішінде әлеуметтік желіде өз ұстанымын қорғай білуге тиіс екенін атап өтті.

"Еліміздегі бірлік пен татулыққа қарсы айтылған бірде-бір сөз жауапсыз қалмауы керек. Ассамблея қызметіне байланысты ақпараттық жұмыс нақты келісіліп, әрбір қадам бірыңғай алгоритм бойынша атқарылуы қажет", - деді президент.

Сондай-ақ ол мемлекеттік ақпараттық тапсырыс барынша тиімді орындалуы керек екенін айтты.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0