Саясат

Мемлекет басшысы арандатушылармен күрес жайлы: біз аямаймыз

© Sputnik / Тимур Батыршин"Арлан" жасағы
Арлан жасағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2021
Жазылу
Тоқаев кез келген ұлтаралық дау-жанжалға тосқауыл қойылатынын ерекше атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев этникалық қақтығыстарға себепші болатын арандатушыларға қарсы аяусыз күрес жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тоқаев мемлекет этностардың әлеуметтік-экономикалық интеграциясы саясатын жүргізетінін және кез келген ұлтаралық дау-жанжалға тосқауыл қоятынын ерекше атап өтті.

"Оның үстіне біз жақсы білеміз, мұндай жанжалдардың бәрі – арам ойлы арандатушылардың ісі. Біз дәл осындай арандатушылармен күресеміз және оларды аямаймыз", - деді Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Ол бірқатар өңірде ішкі эмиграция феномені байқалатынын айтты: этникалық топ өкілдері қазақстандық шынайылықтан алшақтайды. Президенттің сөзінше, мұндай үрдіс этностардың қазақ қоғамына толыққанды кірігуіне кедергі келтіруі мүмкін.

"Мұндай өзекті проблемаларды жасырмай, ашық айту керек деп санаймын. Әйтпесе мұның салдары өте ауыр болуы мүмкін. Өңірлерді дамыту мәселесінде этнодемографиялық салада гармонияға қол жеткізу маңыздылығына баса мән беру қажет", - деді Тоқаев.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0