Видео

Министрлік өрт сөндіруші мамандығы туралы "Бебеу" мультфильмін жарыққа шығарды - видео

Жазылу
Төтенше жағдайлар министрлігі авторлық аннимациялық мультфильмін шығарды. Мультфильмде  өрт сөндірушілердің қиын да, қызықты қызметі туралы баяндалады

Мультфильм Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен әзірленген. Оны "Балапан" телеарнасында көрсету жоспарланып отыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Оның авторы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті Қаратау ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Еркебұлан Тасқараев. Ол 2016 жылы авторлық құқық туралы құжатын әділет министрлігінен алған.

Алдағы уақытта шығармашылық ұжым мультфильмнің бірнеше сериясын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл сериялар өрт сөндіруші мамандығын танымал ету және төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыбында түсірілетін болады.

Оқи отырыңыз: 

Нұр-Сұлтанда қыз жанып жатқан сауда орталығынан секіріп кетті – оқиға орнынан видео

Күшікті құтқарған ақтөбелік өрт сөндіруші қазнетті тәнті етті – фото

 

Жаңалықтар
0