Қоғам

"Шектеуге болмайды": президент министрлікке тілге қатысты тапсырма берді

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2021
Жазылу
Бұған жол берсек, біз олардың болашақ дамуын, болашақ интеграциясын шектейміз, деді Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім министрлігіне әлемдегі көптілділік тәжірибесін зерттеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шынымен де, мектеп түлектері қазақстандық қоғамға кіріктірілуі керек. Олар бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Ал ол үшін мемлекеттік тілді, өз ана тілін және мүмкіндігінше орыс тілін білу керек", - деді Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Айтуынша, қазақстандық балалардың көп тіл білгені өздеріне жақсы.

"Оларды бір тілмен шектеп тастауға болмайды. Бұған жол берсек, біз олардың болашақ дамуын, болашақ интеграциясын шектейміз. Түптің түбінде, оларды жарқын болашағынан айырамыз", - деді мемлекет басшысы.

Президент білім министрлігіне әлемдегі көптілділік тәжірибесін мұқият зерттеп, Қазақстанда қолдануды тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0