Қоғам

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

© Photo : pixabay/Steven CoxШампанское
Шампанское - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2021
Жазылу
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерге арналған мерекені белгілеуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан — Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерге арналған жаңа мерекені белгілеу туралы бастама көтерді. Мейрамды 9 қыркүйекке белгілеу ұсынылды.

9 қыркүйек өз бизнесі бар, қайырымдылық, әлеуметтік және әдеп тәжірибесін жүзеге асырып жүрген, инновация, көшбасшылық, сондай-ақ кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерге қоғам назарын аударып жүрген адамдарға арналады деп жоспарланған.

"Кәсіби мереке – бизнес еліміздегі басты қозғаушы күштің бірі екенінің дәлелі болмақ. Тәуелсіздіктің 30 жылында кәсіпкерлер қауымдастығы экономика тұрақтылығын қамтамасыз етіп, экономикалық реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып келеді және әлеуметтік өмірде маңызы рөл атқарып жатыр. Осылайша мемлекет ел дамуындағы бизнес-қауымдастықтың маңызды рөлі мен мәнін ерекше айқындайды", - деді Ұлттық кәсіпкерлік палатасында.

Жалпы, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, АҚШ және басқа елдердегі кәсіпкерлердің кәсіби мерекелері бар. Сонымен қатар - 15 сәуірде Халықаралық кәсіпкерлер күні және 21 тамызда Дүниежүзілік кәсіпкерлер күні бар.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0