Әлем

Жарты жыл жүрген: ер адамның асқазанын ашқан дәрігерлер аң-таң болды

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуДәрігерлер, архивтегі сурет
Дәрігерлер, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2021
Жазылу
Қаптамаға салынған құрылғы асқазанда тұрып қалған. Тамақтың өтуіне де кедергі жасапты, соның салдарынан іші қатты ауырған

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Мысырдағы Асуан қаласының тұрғыны ұялы телефонның ескі түрін жұтып қойып, жарты жыл бойы солай жүрген. Ал іші қатты ауырып кеткеннен кейін дәрігерлер көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Mirror порталына сілтеме жасап.

Ер адам дәрігерлерге телефон туралы ештеңе айтпаған. Асуан университеті жанындағы аурухананың қызметкерлері алдымен кешенді тексеріс жасап, пациентті рентгеннен өткізген. Ал асқазанында жатқан тұтас мобильді телефонды көргенде аң-таң болды.

Пациент ұялы телефонды жарты жыл бұрын жұтып қойғанын айтты. Осы уақытқа дейін іші қатты ауырған, бірақ ол дәрігерлерге көрінуге ұялды. Телефон тік ішек арқылы өздігімен шығады деп ойлаған. Бірақ чехолға салынған құрылғы асқазанда тұрып қалған. Тамақтың өтуіне де кедергі жасапты. Соның салдарынан іші қатты ауырған. Ер адам ұялы телефонды не себепті жұтқанын айтпады.

Ал дәрігерлер ота жасап, асқазандағы бөтен затты алып шықты. Пациенттің қазіргі жағдайы туралы ақпарат жоқ. Бірақ дәрігерлер ол толығымен жазылып шығады деп отыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0