Өңірлер

Қар, шаңды дауыл: синоптиктер 20 қазандағы ауа райын болжады

CC0 / Tante Tati / жел
жел - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан — Sputnik. Елдің батысы, солтүстігі және оңтүстігіндегі ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер анықтайтын болады, соған байланысты жаңбыр жауады, елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауу ықтимал, тек шығысында және оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің батысында және шығысында тұман күтіледі, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және батыс жартысында жел күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-батыста жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде батысында және оңтүстігінде тұман күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде тұман күтіледі, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.

Алматы облысының Алакөл ауданында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында және солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, күндіз Қостанай облысының батысында, таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Мегаполистердегі ауа райы 

Алматыда күн райы жауын-шашынсыз, күндіз 19-21 градус, түнде 5-7 градус жылы.

Нұр-Сұлтанда күндіз 15-17 градус, түнде 0 градус. Күн ала бұлтты, жауын-шашын жаумайды.

Шымкентте күн бұлтты, күндіз 23-25, түнде 7 градус жылы.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0