Дерекқор

Ерлер бас киімі жыл мезгіліне сай қалай өзгеріп отырған - видео

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҰлттық бас киім киген ерлер
Ұлттық бас киім киген ерлер - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
Ерлер киген бөрік, тақия, қалпақ, тымақ, құлақшын, башлық туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Қазақтың ер азаматтарының бас киімі жыл мезгіліне қарай өзгеріп отырған. Мысалы ер азаматтар көктемде және жазда бөрік киген, қыста тымағын басынан тастамаған. Ерлер киген бөрік пен тақия қыздардың бас киіміне қарағанда қарапайым болған, ешқандай бағалы тастармен көмкерілмеген, алайда мүйіз, шырмауық секілді өрнектер салынған.

Киізден тігілген бас киім

Қазақ халқының ерлерге арналған бас киімінің басым бөлігі киізден тігілген. Солардың ішінде ең ежелгі және дәстүрлі түрінің бірі – қалпақ. Ол қазірге дейін Қазақстанда сақталған бас киім.

Оны ақ киізден тіккен. Кейде түсін ағарта түсу үшін киіз басу кезінде үстінен бор сепкен. Қалпақтың ақ киізден жасалатын түрі "ақ қалпақ" деп аталады. Ақ қалпақты ақ жібекпен кестелеп, айналдыра күміс оқамен көркемдеген. Ал шетін жағалай бау тігістермен әшекейлеген.

© sputnik.kgҚалпақ киізден тігіледі
Ерлер бас киімі жыл мезгіліне сай қалай өзгеріп отырған  - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Қалпақ киізден тігіледі

Қалпақ пішініне қарай үш түрге бөлінеді. Біріншісі – артына тігіс түсірілген, жарты шеңбер түрінде пішілген қалпақ. Екіншісі – төбесі биік, тар, дөңгелек пішінді қалпақ. Жарты ай пішінді ернеуі аса кеңейтілген және жалпақ жиек ретінде қайырылады. Төбесінің жоғары бөлігі 2 немесе 4 қимадан тұрады.

Қалпақтың соңғы түрі 18 ғасырда кездесіп, 20 ғасырдың жартысында жойыла бастаған.

Үшіншісі – бірдей үшбұрышты пішінді төрт бөліктен тұрады, тігу барысында төбесі дөңгеленіп, жоғарғы бөлігі конус тәрізді безендіріледі.

Қалпақтың тағы бір түрі – телпек. Телпекті тек сұлтандар киетін болғандықтан, ол 19 ғасырға дейін-ақ қолданылды.

Бөрікті ерлер көктем мен жазда киген

Ерлер бас киімінің тағы бір түрі – көктемде және жазда киілетін бөрік. Қазақ халқының ерлер бас киімінің ішінде дөңгелек пішінді, ернеуі үлбірмен көмкерілген бөрік негізгі түрі саналған. Оның құндыз бөрік, пұшпақ бөрік, қара бөрік секілді түрлері бар. Олар тігілген материалына, пішіміне қарай ажыратылады.

© Photo : VK / БӨРІЛІ БАЙРАҚЕрлер бас киімінің ішінде дөңгелек пішінді, ернеуі үлбірмен көмкерілген бөрік негізгі түрі саналған
Ерлер бас киімі жыл мезгіліне сай қалай өзгеріп отырған  - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Ерлер бас киімінің ішінде дөңгелек пішінді, ернеуі үлбірмен көмкерілген бөрік негізгі түрі саналған

Кей пікірге сай, бөрік – "бөрі" қасқыр деген сөзден шыққан. Ал қасқыр түрік тайпасының байырғы тотемі саналған.

Алайда "бөрік" сөзінің түптөркініне қатысты жарыспалы пікірлер бар. Мысалы, түркітанушы Николай Дмитриев бөріктің аң терісінен жасалуына байланысты бұл атауды "бөрі" сөзімен байланыстырады. Василий Радлов "кәмшат – камчатский боберь" сөзінен шыққан деп, "кәмшат бөрік – шапка из бобрового меха" дейді.

Түркітанушы Эрванд Севортян "борик – бо+рук – бурук – борк – бурк" деген тізбекті ұсынып, "бөрік" сөзі "бүркену" мағынасына туған деген пікір айтады. Бұл пікірді кейінгі ғалымдар да қолдап, көне түркі тілінде "burk" сөзі баскиім деген мағына бергенін алға тартады.

Пішіні бойынша бөріктің жоғарғы бөлігі биік конус тәрізді дөңгелек немесе бірнеше қималы болады. Ал жиегі бұлғын, кәмшат үлбірімен сәнделеді. Бөрікті қыздар да киген, олардың бас киімі салпыншақ, үкі, құтан мен тауыстың мамығымен әшекейленген. Кәмшаттың үлбірімен көмкерілген бөрік – кәмшат бөрік деп аталған. Махмұт Қашқари үлбірлі тымақтарды "камач бөрік" деп атаған.

Пүліштен тігілген тақия

Тақия – барқыттан, қамқадан тігілген жазғы жұқа бас киім. Ертеректе оның жиегі ақ тиіннің, сусар мен бұлғынның үлбірімен көмкерілген, күміс және алтынмен әшекейленген.

Шығыс Қазақстанда ерлер тақияны астыңғы бас киім ретінде міндетті түрде киген. Оларды сапасы және түсі әртүрлі матадан тіккен. Әдетте олар жұқа матамен астарланған, кейде олардың арасына жүн немесе мақта салынған қабаты болған.

© Sputnik / Розов / Медиабанкке өтуТақия – барқыттан, қамқадан тігілген жазғы жұқа бас киім
Ерлер бас киімі жыл мезгіліне сай қалай өзгеріп отырған  - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Тақия – барқыттан, қамқадан тігілген жазғы жұқа бас киім

Өнертану саласының маманы Сабыркүл Асанованың "Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнері тарихы" еңбегінде тақия 18 ғасырдан бастап киіле бастағаны айтылады. Ол Қазақстанға Орта Азия қолөнершілері арқылы келген. Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен Сырдария жағалауындағы қазақтар тақияны қызығушылық негізінде сатып алған.

19 ғасырдың соңында төбесі дөңгелек түрінде тұтас ойылған, онша биік емес цилиндр пішінді тақия пайда болды.

Ер адамдардың тақиясында моншақ, ақша, әшекейлер болмайды. Ерлер биік төбелі, тегіс төбелі, үшкір төбелі тақия киеді. Олар киген тақия мүйіз, шырмауық секілді өрнектер салынады. Тақия пүліштен тігілген, ал астарын жібек матадан тіккен.

Тақияның тағы бір түрі – айдарлы кепеш. Оның төбесінде қысқалау жіпке тағылған күлтесі бар және кестеленіп, әшекейленген. Күйші, сері кісілер киетін айдарлы кепештің әшекейлі күлтесі домбыра шерткен кезде орындаушымен бірге қозғалып тұрады.

Тымақ пен башлықтың айырмасы

Ерлердің тек қазақ костюмдеріне тән матадан тігілетін баскиімі – түлкі тымақ пен башлық. Екеуі бір-біріне өте ұқсас келеді, оларды тек тігу барысында қолданылатын материалына қарай ажыртауға болады.

Қазақта башлық сөзімен жарыспалы қолданылатын бірнеше атау бар. Соның ішінде ең көп тарағаны – күләпара. Сондай-ақ Батыс Қазақстанда жалбай немесе жалғабай, Арал мен Сырдарияның төменгі бөліктерінле далбай атауы қолданылған. Башлықты қолдан тоқыған түйе жүн шұғадан тіккен.

Бір деректерде башлықтың жауын-шашын кезінде баскиім сыртынан киілетіні айтылады. Башлықтың мойынды орауға арналған ұзын әрі жалпақ екі құлақ бауы болады.

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЕрлердің тек қазақ костюмдеріне тән матадан тігілетін баскиімі – түлкі тымақ пен башлық.
Ерлер бас киімі жыл мезгіліне сай қалай өзгеріп отырған  - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Ерлердің тек қазақ костюмдеріне тән матадан тігілетін баскиімі – түлкі тымақ пен башлық.

Ал түлкі тымақ Қазақстанның барлық аймағына тараған және көп уақытқа дейін малшылардың қысқы баскиімі ретінде қолданылды. Ол төбеден және жоғары бөлігі бір-бірімен тігіс арқылы біріккен төрт үлкен қалақтан тұрады.
Тымақтың төбесінің негізі киізден дайындалған, сырты матамен тысталған.

Құлақшын қандай болған

Құлақшын – құндыз, бұлғын, сусар, жанат, түлкі, қарсақ, суыр секілді аң мен құлын, бұзау терісінен, лақ, қозы елтірісінен тігілетін ерлердің баскиімі. Құлақшынның төбесін екі түрлі тәсілмен пішеді. Алдымен теріні төрт не алты қиық (сай) етіп пішіп алады.

Қиықтың түйісетін ұшы үшкіл, етек жағы тік төртбұрышты болады. Етегін қусырып тігеді де, оған дөңгелек төбе қондырады. Құлақшын тіккенде теріге өлшеп пішілген астарға мақта не жүн тартып, екінші бетіне шүберек салып сырады. Сыртын терімен тыстап, қалыпқа кигізіп кереді.

Қазірдің өзінде құдалық, той-жиындарда ер адамдарға құлақшын кидіру салты сақталған.

Ал құлақшын атауы баскиімнің екі жағында құлақты жауып тұратын бөлігіне байланысты туған болуы мүмкін. Құлақшынды ер адамдар қыста киеді, сол себепті ол жылы етіп тігіледі.

Оқи отырыңыз: 

Тақияның өзге бас киімнен ерекшелігі неде – видео

Ер де, әйел де киген: бөрік туралы не білеміз

Қазақтың сәукелесі туралы қызықты деректер - фото

Жаңалықтар
0