Өңірлер

Министрлік суы тартылған Сырдарияға қатысты түсініктеме берді - видео

© Sputnik / Ляля Лилова Сырдария
Сырдария  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
Сырдария – Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Қазақстан территориясы арқылы өтетін Орта Азиядағы ең ұзын өзен

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан — Sputnik. Желіде тартылып қалған Сырдария өзенінің видеосы пайда болды.

Бұл кадр өткен жылы түсірілген болып шықты.

Күні кеше түсірілген видеода өзенде су жеткілікті екені көрініп тұр.

"Бүгін 2021 жылдың 18 қазаны. Алаңдамаңыздар, су бар", - деді ролик авторы.

Экология министрлігі Сырдариядағы су деңгейі іргелес жатқан Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстандағы шаруашылық жұмыстарына орай өзгеретінін атап өтті.

"Көп жағдайда Сырдарияның деңгейі Қырғызстандағы Тоқтығұл су қоймасына судың жиналуына байланысты болады", - деп хабарлады ведомство.

Биыл Тоқтығұл су қоймасында жиналған су деңгейі 2019 жылғыдан 5 миллиард текше метрге аз екені белгілі болды.

Вегетациялық кезең басталған шақта су қоймасында шамамен 15 миллиард текше метр су жиналса қалыпты деңгей болып саналады.

Осы жылдың 1 сәуірінде су қоймасында небәрі 8,7 миллард текше метр су болды. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9 миллард текше метрге аз.

Экология министрлігінде Арал-Сырдария бассейнінде су тапшылығы 2019 жылдан бері жалғасып келе жатқанын айтты.

Сырдария – Орта Азиядағы ең ұзын өзен. Ол Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Қазақстан территориясы арқылы өтеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0