Өңірлер

Желіде 5G бағанасы үстінде пайда болған ерекше бұлттың видеосы тарады

© AP Photo / Jacqueline LarmaБұлт
Бұлт - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
Бұған дейін ондай "графен" сақиналарының видеосы шетелдің әлеуметтік желілерінде де тараған

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде елорда үстінде пайда болған сақина тектес бұлттың  видеосы тарады.

 

​Видео авторы оны  "5G бағанасынан пайда болған графен бұлт" деп атады. 

Stopfake.kz порталы видеоның астана іргесіндегі Қосшы қаласында түсірілгенін хабарлады. Және оның 5G бағанасымен байланысын жоққа шығарды. 

"Пеште көмірдің күрт жануынан от лап еткенде дөңгелек құбыр арқылы түтін сақина болып шығады. Бұлт деп жүрген құбылыс Қосшы қаласының жеке тұрғын үй секторында орналасқан пештен шыққан түтін. Түтін табиғи құбылыс емес және қала тұрғындарына ешқандай зиян келтірмейді", - дейді әкімдік мамандары.

Айта кетері, бұған дейін ондай "графен" сақиналарының видеосы шетелдің әлеуметтік желілерінде де тараған. Ал 2008 жылы Burning Man фестивалінде түтін сақинасын қолдан жасап ұшырған.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0