11:28 31 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD432.64
  • EUR505.02
  • RUB5.47
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
68 0 0

Министрдің айтуынша, интернет сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында 17 жылжымалы өлшеу кешендері сатып алынуда

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Ауылда интернетті үйге дейін жеткізу шараларына субсидия бөлінеді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде ауылдық елді мекендерде сымды телефония қызметі және пошта қызметтері жыл сайын 8 миллиард теңгеге субсидия алып отырады.

"Енді, біз телеком оператораларына мотивация ретінде оптикалық байланыс және басқа да технологиялар арқылы қосылған интернетті ауылдағы үйлерге дейін жеткізуді субсидиялайтын боламыз. Нәтижесінде ауыл адамдары қазіргі заманғы көрсетілетін қызметтерді еркін пайдаланатын болады", – деді Мусин сенатта өткен үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, ауылдарда кең жолақты байланыс желілерін салуға арналған қаражатты осы жұмысқа қайта жұмсағаны үшін салықтық жеңілдіктер беру ұсынылып отыр. Ал интернеттің сапасын бақылау үшін арнайы қызмет іске қосылды. Осылайша, халықтық бақылау болады, мемлекеттік қадағалау да күшейеді.

"Интернет сапасына халықтық бақылау жүргізу үшін байланысы бар сервис іске қосылды. Яғни, қазіргі кезде кез келген азаматтың смартфон арқылы интернеттің кемшіліктерін бізге жолдап отыруға мүмкіндігі бар. Осы уақытқа дейін 50 мыңнан астам адам осы қызметті қолданып үлгерді. Сонымен қатар, мемлекеттік бақылауды жүргізу мақсатында 17 жылжымалы өлшеу кешендері сатып алынуда. Премьер-министр бізді қолдады. Осы жылдың аяғына дейін сол кешендерді сатып аламыз", – деп атап көрсетті Мусин.

Оқи отырыңыз: "Көздегі интернет, сөйлейтін чип". Алдағы 30 жылда не болады?

Тақырып бойынша

Интернет алаяқтардан қалай қорғану керек – пайдалы кеңес
Қазақстанда интернет арқылы қанша ақша табуға болады
Байланыс операторлары интернет неге баяу істеп тұрғанын түсіндірді
Пандемия білім алуға кедергі емес: қазақстандықтар интернет арқылы оқуға түсе алады
Оқушыларға берілген роутердің интернет трафигі неге тез таусылып қалады
Кілт сөздер:
субсидиялар, Бағдат Мусин, интернет
Загрузка...

Басты тақырып