Өңірлер

Бейәдеп сөзі үшін дәмхана қонағының жағы сынды

© Sputnik / Абзал Калиевжанжал
жанжал - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
Ер адамға қатысты "Адам денсаулығына орташа деңгейде қасақана зақым келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Алматы облысында дәмханаға келген екі ер адамның арасындағы төбелеске қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл текетірес кезінде ер адамның бірінің жағы сынған.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл оқиға Қарасай ауданында болған.

Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық төбелесіп, біреуі көз жұмды

Дәмханаға келгеннің бірі жұрт алдында балағат сөз қолданып, ұрыса бастаған. Тамақтану орнындағы тағы бір қонақ оған ескерту жасағанда, әлгі ер адам жұдырық ала жөнелген.

Екінші ер адам дөрекіні жағынан ұрып, "тыныштандырмақ" болған. Бірақ білек күшін асыра пайдаланып, соның салдарынан қарсыласының жағын сындырып жіберген.

Жәбірленуші полицияға шағымданды.

"Менің кім екенімді білесің бе?": мейрамханаға барған экс-депутат жанжал шығарды

Ер адамға қатысты "Адам денсаулығына орташа деңгейде қасақана зақым келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол айыппұл төлеуі немесе екі жылға сотталуы мүмкін.

Жаңалықтар
0