Қоғам

Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық төбелесіп, біреуі көз жұмды

© Sputnik / Табылды Кадырбековпышақ
пышақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2021
Жазылу
Сеулдегі Қазақстан елшілігінің консулдығында марқұмның денесін елге жіберу мәселесі шешіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық жанжалдасып, салдарынан біреуі көз жұмды. 

 "12 қазанда Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында Қазақстанның екі азаматы арасында жанжал шықты. Жанжал барысында пышақ жарақатынан бірі мерт болды", - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі. 

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, қазіргі күні кісі өлтірді деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы тұтқындалып, тергеу изоляторына қамалды.

Сеулдегі Қазақстан елшілігінің консулдығында марқұмның денесін елге жіберу мәселесі шешіліп жатыр. 

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0