Оқиға

Петропавлда басқа қаладан келген қонақ үш туысын пышақтады: екінші әйел көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевОграбление, иллюстративное фото
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Бұған дейін отбасындағы 48 жастағы әйел пышақ жарақатынан қаза болды, тағы бір зардап шегуші ауруханада жатыр

ПЕТРОПАВЛ, 25 наурыз – Sputnik. Петропавлда алматылық туысы бірнеше рет пышақтаған 89 жастағы әжей көз жұмды. Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 10 наурызда сағат 3 шамасында Петропавл полиция басқармасының кезекшілік бөліміне 103 қызметі диспетчерінен 28 жастағы ер адам мен 48 жастағы әйел көпсалалы қалалық ауруханаға пышақ жарақатымен жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Әйел ота жасалып жатқан кезде қайтыс болды.

Алматыда бір отбасын ойрандаған сантехниктің кім екені белгілі болды

Сонымен қатар, көпсалалы облыстық аурухананың хирургия бөліміне 89 жастағы әйел жатқызылды. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті, бірақ ажалдан арашалап қала алмады.

Полиция қызметкерлері күдіктіні – туыстарына қонаққа келген Алматы қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Тұтқындау кезінде ол мас болған.

"Кісі өлтіру" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс 99-баптың екінші бөлігі, 1 және 8-тармақтарына қайта ауыстырылды, енді күдіктіге пайдакүнемдік ниетпен екі адамды өлтірді деген айып тағылып отыр. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл баптың санкциясы 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге  немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Зардап шеккендердің барлығы – бір отбасының мүшесі, отағасы бейресми ақпаратқа сәйкес, қала әкімдігінде басшылық қызмет атқарған.   

Жаңалықтар
0