Оқиға

Алматы облысында сатушы дүкенге келген адамды өлтірді

© Photo : СС0 / TumisuПродуктовая тележка в супермаркете
Продуктовая тележка в супермаркете - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
Алматы облысының полициясы дүкенге келген ер адамды өлтірген сатушыны ұстады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Алматы облысында полиция сатушыны ұстады, ол дүкенге мас күйінде келген адамды өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады полиция департаменті.

"17 қазан сағат 10 шамасында Қарасай ауданы полиция бөліміне Қарасай ауданы Тұрар ауылындағы дүкендердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы ақпаратты растады", - деді Алматы облысының полициясы.

Тәртіп сақшылары марқұмның кім екенін анықтады – ол Тұрар ауылының 54 жастағы тұрғыны болып шықты.

Содан кейін олар күдіктіні – Жібек Жолы ауылының 39 жастағы тұрғынын ұстады. Ол бастапқыда кісі өлтіру фактісін жоққа шығарды, алайда айғақтар көрсетілген соң қылмысын мойындады. Ол қылмыс құралы пышақты тәртіп сақшыларына тапсырды.

Күдікті дүкенде жұмыс істеген, ал мас күйінде дүкенге келген ер адам жанжал шығарған.

"Жанжал кезінде ол ер адамның кеуде тұсына пышақ сұққан, ол қайтыс болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0