АЛМАТЫ, 18 қазан – Sputnik. Қазгидромет мамандары 19-21 қазанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Синоптиктер болжамына сәйкес, елдің басым бөлігінде күн салқындайды.
Тек шығыста ғана жауын-шашынсыз, күн жылы болады. Республиканың қалған бөлігіне жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болады. Жел күшейіп, солтүстікте боран болады, ауа температурасы төмендейді.
Мегаполистегі ауа райы
Ал Алматыда 19 қазанда күн ашық болады, ауа температурасы түнде +6°C, күндіз +16°C болады.
20 қазанда ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +9°C, күндіз +19°C. 21 қазанда күн алабұлтты, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +10°C, күндіз +18°C.
Елордада 19 қазанда күн ашық, ауа температурасы түнде +1°C, күндіз +14°C.
20 қазанда күн бұлтты, 21 қазанда жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +4°C, күндіз +10°C.
Шымкентте 19 қазанда күн ашық, ауа температурасы түнде +6°C, күндіз +22°C.
20 қаңтарда күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +9°C, күндіз +23°C.
Ал 21 қазанда күн алабұлтты, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +8°C, күндіз +15°C болады.