6 қазанда Алматыда биылғы жылдың алғашқы қары жауды. Қаланың тұрғын үй басқармасы таулы аудандарға 3 сантиметр қар түскенін хабарлады. Жетінші қазанға дейін жауған қар бірден еріп кетті, алайда қалада салқын ауа райы содан бері сақталып тұр.
Алматылықтарға былтырдан бері жылу қазанның басында беріліп жүр. Биыл қалада 2 қазаннан бастап жылу беріле бастады. Қазір қалада үйлерге түгел дерлік жылу қосылды.
Күн суық болғанына қарамастан, қала тұрғындары күз әсемдігін қалт жібермеуге тырысады. Оны көшелерде серуендеп жүрген адамдардан байқауға болады.
Күзгі Алматы көшелерін Sputnik Қазақстанның фототілшісі суретке түсіріп қайтты. Сары, жасыл, қызғылт түске боялған қаланы фотолентадан көріңіз.

1/13
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматыға күз келді. Бұл күнтізбеде ғана емес, ауа райынан да көрініп тұр

2/13
© Sputnik / Тимур Батыршин
8 қазанда Алматыда күн ашық, ауа температурасы +2...+7°C көрсетіп тұр

3/13
© Sputnik / Тимур Батыршин
Осыдан екі күн бұрын, 6 қазанда Алматыда биыл алғашқы қар жауды. Қаланың тұрғын үй басқармасы таулы аудандарға 3 сантиметр қар түскенін хабарлады

4/13
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жетінші қазанға дейін жауған қар бірден еріп кетті. Алайда қалада салқын ауа райы содан бері сақталған

5/13
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматының күзі басқа өңірлерге қарағанда ерекше деген пікір қалыптасқан. Алтын түске боялған қала саябақтары соның бір дәлелі деуге болады

6/13
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматылықтарға былтырдан бері жылу қазанның басында беріліп жүр. Биыл қалада 2 қазаннан бастап жылу беру басталды. Қазір қалада үйлерге түгел дерлік жылу қосылды

7/13
© Sputnik / Тимур Батыршин
Күз келсе, ғимарат ішінде салқын болатыны белгілі. Соған байланысты ең алдымен жылуды денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары мен басқа да әлеуметтік нысандарға қосты

8/13
© Sputnik / Тимур Батыршин
Күн суық болғанына қарамастан, қала тұрғындары күздің сұлулығын қалт жібермеуге тырысады. Оны көшелерде серуендеп жүрген адамдардан байқауға болады

9/13
© Sputnik / Тимур Батыршин
Адамдар саябақтарда демалып отыр

10/13
© Sputnik / Тимур Батыршин
Синоптиктер ақпаратына сәйкес, Алматыда алдағы күндері күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Әсіресе, 10-12 қазан аралығында ауа температурасы төмендейді

11/13
© Sputnik / Тимур Батыршин
Астрономиялық тұрғыдан күз 90 күнге, яғни 24 қыркүйектен 22 желтоқсанға дейін созылады. Ал күнтізбе бойынша 91 күнге жалғасады

12/13
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жыл мезгілінің жаманы жоқ. Күз де қызыл-сары бояуымен сәнді

13/13
© Sputnik / Тимур Батыршин
Мамандардың айтуынша, күз адамның психологиялық жетілуіне, алға жылжуына, әр күніне қанағат етуге себепші болады. Сол себепті бұл мезгілден де жақсы жаңалық күту қажет!
