Елорда тынысы

Астаналықтар жолақыны банк картасымен төлей алатын болады

CC0 / / Банковская карта, иллюстративное фото
Банковская карта, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2021
Жазылу
Жоба пилоттық режимде кейбір бағдарда іске қосылды. Ол сәтті жүзеге асса, астанадағы қоғамдық көліктер осы жүйені де енгізеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан — Sputnik. 18 қазаннан бастап Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікте жолақыны банк картасымен төлеу мүмкіндігі пайда болады. 

City Transportation Systems көлік компаниясының ақпаратына сәйкес, жаңашылдық пилоттық режимде іске қосылды. 31 қазанға дейін сыналады. 

"VISA және Mastercard карталары және NFC жүйесі бар смартфон көмегімен төлем жасауға болады. Транзакцияны іске асыру үшін валидатор жанындағы терминалға карта басу жеткілікті", - деді компанияда.

Әзірге  мұндай мүмкіндік №61 қалалық бағдар мен қала маңына қатынайтын №309, 310, 315 автобустарында қарастырылған. Оларда арнайы жапсырма қағаз болады. 

Жолақы құны - 90 теңге. 

Көлік компаниясында жоба сәтті жүзеге асса, астанадағы қоғамдық көліктер осы жүйені де енгізілетінін айтты. 

Қазіргі уақытта астаналықтар мен қала қонақтары жолақыны көлік картасы немесе QR-код арқылы төлеп жүр. Жолақы құны - 90 теңге, оқушылар үшін тегін.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0