АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Қарт адам автобуста қыздың шашын кесіп тастағаны үшін қамауға алынды, деп жазды South China Morning Post.
Оқиға Гонконгта болды. Автобуста ұйықтап отырған қыздың тым ұзын шашы ер адамның ашуын келтірген – қыздың шашы оның тізесіне тиіп тұрған.
Ол сөмкесінен қайшы алып шығып, оның шашын бірнеше сантиметр кесіп тастайды.
Басқа жолаушылар оны байқап қалып, шу шығарған, оянып кеткен бойжеткен шашын көріп жылап жіберген.
Автобус жүргізушісі полиция шақырды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 65 жастағы ер адамнан қайшыны қайдан алғанын сұрағанда, шаштараз болып жұмыс істеймін деп жауап беріпті.