Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда толық локдаун енгізілуі мүмкін

© Sputnik / Елена Бережнаяблокпосттағы қызметкер
блокпосттағы қызметкер - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2021
Жазылу
Облыста вакциналау көрсеткіші бәсеңдеп, коронавирусты жұқтыру көрсеткіші өсіп барады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысына толық локдаун енгізілу қауіпі төніп тұр, деп хабарлайды Петропавловск.news.

Соңғы екі аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші аймақта 1,5 есе артты.

Санитар дәрігерлер аурудың өршуін вакциналау көрсеткішінің төмендігімен және "дельта" штамының таралуымен байланыстырады.

Облыстық бас санитар дәрігердің орынбасары Арман Көшбасовтың айтуынша, соңғы кезде күніне 200-300 адам ғана вакцина салдырып жатыр. Көрсеткіштің төмендігі эпидемиологиялық жағдайға кері әсерін тигізуде.

Елдің өзге өңірлерінде вакциналау көрсеткіші мұншалықты төмен емес. Мысалы Түркістан облысы мен Шымкент қаласы халықты вакцинамен қамту жоспарын қыркүйектің соңында орындады. Қазір екі өңір де "жасыл" аймақта. Мұнда вирустың таралуы бәсеңдеп, шектеу шаралары да алынып тасталды.

Солтүстік Қазақстанда керісінше тек вакциналау көрсеткіші бәсеңдеп келеді. Ал жұқтыру көрсеткіші өсіп барады.

"Екі аптадан бері облыс "қызыл" аймақта тұр. Егер коронавирусты жұқтыру көрсеткіші төмендемесе біз кәсіпорындардың жұмысын тоқтатып, толық локдаун енгізуге мәжбүр боламыз. Өйткені науқастар саны көбейсе медициналық мекемелерге де үлкен салмақ түседі", - дейді Арман Көшбасов.

Қазіргі күні облыста коронавирус жұқтырған науқастарға арналған 1600 төсек-орын бар. 691 науқас стационарда жатыр. Төсек-орын жүктемесі 43 процентті құрап отыр. Облыстың медициналық мекемелеріндегі 115 реанимациялық орынның 44 проценті бос емес.

 1,9 мың адам үй карантинінде. Олардың жартысында коронавирус жеңіл, қалған жартысында симптомсыз өтіп жатыр.

1-14 қазан аралығында облыстың 1622 тұрғыны вирус жұқтырды. Өткен тәулікте 157 адам індетке шалдығып, 19-ы ауруханаға жатқызылды.  

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0