Қоғам

Жаппай локдаун енгізілуі мүмкін – ДДҰ

© Sputnik / Владислав ВодневБилборд в Нур-Султане
Билборд в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Үндістаннан шыққан "дельта" штаммы тағы мутацияға түсті. Оны "дельта плюс" деп атап кетті. Ол үнді штаммының алғашқы үлгісінен де қауіпті

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Коронавирустың "дельта плюс" штаммы салдарынан жаппай локдаун қайта басталуы мүмкін. Бұл туралы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның Ресейдегі ресми өкілі Мелита Вуйнович мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан РБК арнасына сілтеме жасап.

"Вакциналау мен бетперде режимі, себебі "дельта" штаммы кезінде вакцинаның өзі жеткіліксіз. Қазіргі кезде қысқа уақыттың ішінде бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Әйтпесе, локдаун болуы мүмкін", - дейді Вуйнович.

Оның айтуынша, екпеден бас тартуға болмайды. Себебі вакцина вирустың таралуын бәсеңдетеді және індеттің ауыр формасына шалдығу ықтималдылығын төмендетеді.

"Жалпы иммунитет пен жүріс-тұрыс тәртібі, бұл дегеніміз, вирустың таралуын төмендету үшін қосымша шаралар қажет болады", - деп атап көрсетті ұйым өкілі.

Осы орайда Вуйнович "дельта плюс" штаммының қауіпті екенін ерекше атап өтті. Вирус таралу қарқыны үдеп барады. 

"Дельта-штамм жасушалардың біраз бөлігін зақымдайды. Науқастан көп адам және жылдам инфекция жұқтырады...Біз оның шарықтау шегін әлі көріп отырған жоқпыз, вирус үдеп барады", - дейді Вуйнович.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында демалыс күндері толық локдаун енгізіледі

Айта кетейік, коронавирустың "дельта" деп аталатын қос мутациясы Үндістанда наурыз айында анықталған болатын. Ал маусымда үндістандық ғалымдар "дельтаның" тағы мутацияға ұшырып, "дельта плюсқа" айналғанын мәлімдеді. Ол коронавирустың антиденелерге төзімділігін арттырады. Сондықтан екпе салдырғандар да COVID-19 жұқтыруы мүмкін. "Дельтаның" өзі жоғары жұққыштығымен ерекшеленеді және анықталған штаммдарға қарағанда 60%-ке тез жұғады. Қазіргі айналымдағы штаммдар 1 адамнан орташа есеппен 3-4 адамға таралса, "үнді" штаммы 5-6 адамға бірден жұғады. Инкубациялық кезеңі небәрі 7 күнге созылады.

Соңғы зерттеулер коронавирустың "үнді" штаммымен ауырғандар арасында аурухана төсегіне таңылғандар және қайтыс болғандар көбірек екенін көрсетті. Алматы қаласында жасалған 45 сынамадан үнді штаммы табылды.

Жаңалықтар
0