НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Қазақстанда тоғыз айдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған жылу тарифі 1,2%-ке төмендеді. Алайда өңірлер арасында 17 аймақтың 13-інде баға өскені байқалады.
Energyprom.kz мәліметінше, ең жоғары тариф Ақтөбе облысында – бір жылда 15,2%, Ақмола мен Қарағанды облыстарында – 5,9% тіркелді.
Үш өңірде тариф төмендеген. Әсіресе, жылу Түркістан облысында едәуір арзандады – бірден 40,5%-ке. Сондай-ақ Қостанай облысы (6,7%-ке) мен Алматы қаласында (3,2%-ке) да тарифтің түскені байқалады.
Шымкентте баға өзгеріссіз қалды.
Қыркүйекте республика бойынша орталықтандырылған жылудың орташа тарифі 1 Гкал үшін 3522 теңгені құрады. Ірі қалалар мен мегаполистерде тариф 1 Гкал үшін 1805 теңгеден (Көкшетау) 5383 теңгеге дейін (Атырау) құбылады.
Жылу бойынша ең "қымбат" қалалардың үштігіне Атыраудан бөлек, Шымкент пен Алматы кіреді: 1 Гкал үшін тиісінше 5104 теңге және 4831 теңге.
Ал ең төмен тариф солтүстік өңірлерде тіркелді: Көкшетаудан бөлек, Павлодар мен Нұр-Сұлтанда жылу арзан – 1 Гкал үшін тиісінше 2392 теңге және 2454 теңге.
Оқи отырыңыз: