Оқиға

Қызылорда облысындағы мектепте қазандық жарылды – фото

© Photo : Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті сайтынан алындыҚызылордада ауыл мектебінің бу қазандығы жарылды
Қызылордада ауыл мектебінің бу қазандығы жарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2021
Жазылу
Аудан әкімінің баспасөз қызметі оқушылардың үздіксіз білім алуы үшін мектептің қазандығы тез арада қалыпқа келтірілетінін жеткізді

ҚЫЗЫЛОРДА, 11 қазан – Sputnik. Қызылорда облысының Қазалы ауданына қарасты Тасарық ауылындағы №238 мектептің қазандығы жарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

© Photo : Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсындыОқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері барды
Қызылорда облысындағы мектепте қазандық жарылды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2021
Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері барды

"Бүгін сағат 08:15-те мектептен 50 метр қашықтықта тұрған отынмен жылыту қазандығы тұтанып жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті. 64 шаршы метр алаңдағы ғимарат қабырғалары мен жабыны ішінара қираған. Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

Ауа температурасы +9 градус шамасында болғандықтан, оқуға кедергі келмеген. Қазандық үйінділері мектеп жұмысшыларының күшімен жиналып жатыр. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері мен бір техника жіберілді. Аудан әкімі, орынбасарлары, аудандық білім бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары арнайы барып, жағдайды қатаң бақылауға алған.

"Қазіргі таңда апаттық жағдай орын алған жерде арнайы жұмыс тобы құрылды, апат себебі анықталып жатыр", – деді Қазалы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Жеңісбек Айымқұлов.

© Photo : Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсындыАудан әкімінің баспасөз қызметі оқушылардың үздіксіз білім алуы үшін мектептің қазандығы тез арада қалыпқа келтірілетінін жеткізді
Қызылорда облысындағы мектепте қазандық жарылды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2021
Аудан әкімінің баспасөз қызметі оқушылардың үздіксіз білім алуы үшін мектептің қазандығы тез арада қалыпқа келтірілетінін жеткізді

Жылу беру маусымы басталған тұста бу қазандығының істен шығуы жұртты алаңдатты. Сондықтан аудан әкімдігіндегілер балаларға қауіп жоқ екенін айтып, ата-аналарды сабыр сақтауға шақырды.

Оқушылардың үздіксіз білім алуы үшін мектептің бу қазандығы тез арада қалыпқа келтірілетінін жеткізді.

Жаңалықтар
0