Елорда тынысы

Қостанай облысының тауар өндірушілері елордаға 270 тонна азық-түлік әкеледі

© Photo : astana.gov.kzСельскохозяйственная ярмарка
Сельскохозяйственная ярмарка - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2021
Жазылу
Облыс кәсіпорындары 270 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрін сатады

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда осы демалыс күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Қостанай облысының кәсіпорындары қатысады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығының жанында ұйымдастырылады.

16-17 қазанда елордада облыстың 14 ауданы мен 3 қаласынан 50-ден астам кәсіпорын өз өнімдерін сатады. Оның ішінде Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Наурызым, Сарыкөл, Таран, Федоров, Ұзынкөл аудандары және Арқалық, Рудный, Қостанай қалалары бар.

"Облыс кәсіпорындары 270 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрін: 50 тонна ет, 31 тонна сүт өнімдері, 20 тонна шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар, 27 тонна жарма мен макарон өнімдері, 60 тонна картоп пен көкөніс, 20 тонна ұн өнімдерін сатылымға шығарады", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ сатылатын өнімдердің ассортиментіне нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бал және басқалар кіреді.

Жәрмеңкеде "Милх" ЖШС, "ДЕП" ЖШС, "Лидер-2010" ЖШС, "Баян Сұлу" АҚ, "Тэрра" ШҚ, "Промбаза 7" ЖШС, "Торғай Ет" ЖШС және т.б. брендтері республика бойынша және одан тыс жерлерде танымал сүт және ет кәсіпорындары өнімдерін ұсынады.

Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығы министрлігі картоп пен сәбіз бағасына қатысты болжам жасады 

Айта кетері, баға нарықтан 10-15%-ке төмен болады. Жәрмеңке Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ұсынған санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Биыл елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады.

21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар және Маңғыстау облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

Жаңалықтар
0