Экономика

Ауыл шаруашылығы министрлігі картоп пен сәбіз бағасына қатысты болжам жасады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуКартофель
Картофель - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2021
Жазылу
Маусымаралық кезеңде картоп 200-250 теңге, ал сәбіз одан 30-40 теңгеге жоғары болуы мүмкін, деді Азат Сұлтанов

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек –  Sputnik. Келесі жылы да маусымаралық кезеңде картоп пен сәбіз бағасы біршама көтеріледі. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Маусымаралық кезеңде баға өседі. Ондай жағдай жыл сайын тіркеліп тұрады. Бірақ картоп және басқа да көкөністердің қоры жасалады, оның бағасы қолжетімді болады. Картоп 200-250 теңге, ал сәбіз 30-40 теңгеге жоғары болатын шығар. Бірақ көкөністің қажетті қоры қазірден бастап жасалса, сосын оның бәрі шаруалардың қоймаларында сақталса ғана баға сондай болуы керек", - деді Сұлтанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде картоп өсіретін шаруалардың өздері осы көкөністің мамыр айына дейін жететін қорын жасап қоюды ұсынып отыр. Сонда келесі жылы картоптың бағасы тұрақты болады.

"Қазір әкімдік тарапынан тиісті жұмыстар қолға алынуы қажет. Картопты тұрақтандыру қорына сатып алып, оны өсіретін шаруалармен алдын ала келісімшарт рәсімдеуі тиіс. Біз өз тарапымыздан барлық жұмысты жасадық. Әкімдіктерге картоп өсірушілердің тізімін бердік. Негізгі облыстар – Павлодар, Қарағанды, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан. Қазір картоптың қажетті қорын жасап алса, келесі жылы баға күрт көтерілмейді. Артынан мамыр айында өзбектің картобы да келеді. Сондықтан бағаны ұстап тұруға мүмкіндік бар", - деп атап өтті Сұлтанов.

Айта кетері, биыл маусымаралық кезеңде картоп пен сәбіз бағасы шарықтап кетті. Картоптың "отаны" саналатын Солтүстік Қазақстан облысында өнімнің бір келісі 500 теңгеге жеткен болатын. СҚО әкімі Құмар Ақсақалов шаруалар өз шығынын ақтау үшін біраз өнімін сыртқа сатып жібергендіктен, картоп қымбатшылығы туындағанын түсіндірген еді. Ал кейбір өңірлерде сәбіздің бір келісі 700-800 теңгеге жеткен.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0