Денсаулық

Вакцинаны қайта салу кезінде нені ескеру керек

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской области Термометр
Термометр - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2021
Жазылу
Егер бірінші екпеден кейін қандай да бір реакция болса, ревакциналаудан соң да бұл белгілер қайталануы әбден мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан — Sputnik. Медицина ғылымдарының кандидаты, иммунолог Николай Крючков Sputnik радиосына берген сұхбатында коронавирусқа қарсы ревакциналау кезінде қандай факторларды ескеру керектігі туралы айтты.

Ресейде денсаулық сақтау министрлігі әр алты ай сайын қайта вакциналаудан өтуге кеңес береді. Крючковтың айтуынша, ағзаның ревакциналауға реакциясы коронавирус инфекциясына қарсы салынған алғашқы екпеден кейінгідей болуының ықтималдылығы жоғары.

"Егер температура, әлсіздік, бұлшықеттегі ауырсыну сынды вакцинаның реактогендігі ерте пайда болуы туралы айтсақ, онда мұндай реакция туа біткен иммунитеттің ерекшелігіне байланысты болады. Егер бірінші екпеден кейін осындай реакция болса, ревакциналаудан соң да бұл симптом қайталануы әбден мүмкін", - деді Николай Крючков.

Иммунолог егер адам денсаулығында айтарлықтай өзгешелік байқалмаса, қайталанған екпеден кейін қандай да бір жағымсыз әсер болады деп қауіптенуге негіз жоқ екенін айтты. Ол ревакциналауға бармас бұрын не нәрсеге баса назар аудару керек екенін айтып берді.

"Вакцинаның қандай қарсы көрсетілімі бар екеніне және бірінші екпеден кейін денсаулығыңыз қаншалықты өзгергеніне мән беру керек. Созылмалы аурулар пайда болды ма, ұзаққа созылған ауру ремиссиядан асқыну күйіне қарай өзгерді ме, осыған көңіл бөлу керек. Мұндай жағдай байқалса, онда бірінші екпе алатын кездегідей жағдайдың тұрақталуын күтіп, ревакциналауды кейінге қалдыруға тура келеді", - деп кеңес берді иммунолог дәрігер.

Оның айтуынша, ревакциналаудан кейін де адам көп шоғырланған орындарға бармаған дұрыс. Себебі ағзада инфекцияға қарсы иммундық қорғаныс бірден түзілмейді.

"Ревакциналаудан кейін препарат бірден әсер етпейді. Оның әсері екі-үш аптадан кейін байқалады. Сондықтан қайта екпе алғаннан кейін ағза әлі де қорғалмаған. Егер бірінші екпеден кейін ұзақ уақыт өтсе, сіздің ағзаңызда антиденелер саны аз немесе мүлде болмауы мүмкін. Сол себепті шамамен екі-үш апта күтініп жүрген абзал", - деп нақтылады иммунолог.

Біраз уақыт бұрын Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы реевакциналау мәселесінде Қазақстан әлем елдерінің тәжірибесін зерттеп, асықпай кірісетінін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0