08:07 18 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.78
  • EUR494.08
  • RUB5.98
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
108 0 0

Министрдің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакциналауды былтыр бастаған мемлекеттер ревакцинацияны іске асыруға кірісті

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта салу науқаны қашан басталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде иммунизация жөніндегі комиссия қанша вакцина салу қажеттігін, вакцинаның қай түрі болады және оның мөлшерін қарастырып жатыр. Жақын арада ведомствоаралық комиссияға ревакцинацияға қатысты ұсыныстар енгізіледі. Біз әлемдік тәжірбиені жіті бақылап отырмыз. Әрбір мемлекет оны әрқалай жасайды. Бірақ басым бөлігі 6-9 айдан кейін вакцинаны қайта салу қажеттігін қолдап отыр", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакциналауды былтыр бастаған мемлекеттер ревакцинацияны іске асыруға кірісті.

"Ол елдерде вакциналау науқаны өткен жылы қараша-желтоқсан айларында басталған. Демек екінші компонентті алғаннан бері 9 айдан астам уақыт өтті. Осыған байланысты вакцинаны қайта салу шаралары басталып жатыр. Бізде оның мерзімі қараша-желтоқсан айына келіп тұр (Қазақстанда жаппай вакциналау 1 ақпанда басталды - Sputnik)", - деп атап өтті Цой.

Оның сөзіне қарағанда, қараша айына дейін ревакцинацияға қатысты нақты шешім қабылданады.

Оқи отырыңыз: 

 

Тақырып бойынша

Түркістан облысында медицина қызметкерлері вакцина паспортын қолдан жасап келген
Қазақстанда вакцина алған 482 адам коронавирустан қайтыс болды
Үкімет вакцина егу жоспарын орындап үлгермеді
Вакцина адам мутациясына әкеліп соға ма- сарапшы пікірі
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Загрузка...

Басты тақырып