Денсаулық

"Спутник Лайт" және AstraZeneca вакциналарының қосындысы антиденелерді 4 есе арттырады

© Sputnik / Абзал КалиевПодарок за вакцинацию
Подарок за вакцинацию - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Әзербайжанда жүргізілген зерттеу барысында сынаққа қатысқандардың 85 процентінде осындай нәтиже байқалды

АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. AstraZeneca мен "Спутник лайт" коронавирусқа қарсы вакциналарының қосындысы Әзербайжанда бірлескен зерттеу аясында S ақуызына антиденелердің жоғары өсімі бар екенін көрсетті, деп хабарлады Ресейдің тікелей инвестициялар қоры.

"Ресейдің тікелей инвестициялар қоры "АстраЗенека" және "Р-Фарм" компаниялары "АстраЗенека" компаниясының вакцинасын (Оксфорд университетімен бірлесіп әзірленген) және "Спутник V" коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін біріктіріп қолданудың вирусты бейтараптандыру белсенділігі жөніндегі алдын ала деректерді жариялады. Зерттеу Әзербайжан Республикасында өткізілді ", - делінген хабарламада.

"Аралық талдау нәтижесі бойынша еріктілердің 85%-інде бақылаудың 57- күнінде SARS-CoV-2 вирусының S ақуызына бейтараптандыратын антиденелердің төрт есе және одан да жоғары өскені байқалады", - деп толықтырды қор.

Деректер біріктірілген вакцинаның екі компонентін алған 20 адамға жасалған зерттеу нәтижесіне негізделген. Бірінші компонент ретінде AstraZeneca вакцинасы қолданылды, екіншісі – "Спутник Лайт". Дозалар арасындағы интервал 29 күнді құрады.

Әзербайжанда зерттеулер 2021 жылдың ақпанында басталды. Зерттеуге 100 ерікті қатысты.

Әзербайжанмен қатар вакциналар комбинациясын клиникалық зерттеу Біріккен Араб Әмірліктері мен Ресейде жаһандық бағдарлама аясында жүзеге асырылады. Беларусьта зерттеу жүргізуге реттеушілердің рұқсаты алынды.

Алғаш рет "Спутник V" коронавирусына қарсы вакцина негізінде гетерогенді күшейту әдісі қолданылды. Ресейдің тікелей инвестициялар қоры әлемде бірінші болып "Спутник V" бірінші компонентінің шетелдік препараттармен үйлесімін бірлесіп зерттеу туралы бастама көтерді.

2020 жылдың желтоқсанында Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры, Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы, "Р-Фарм" компаниялар тобы және AstraZeneca компаниясы AstraZeneca вакцинасы мен "Спутник V" вакцинасының бірінші компоненті комбинациясының қауіпсіздігі мен иммуногенділігіне бірлескен клиникалық зерттеулер жүргізу үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0