Денсаулық

Қазақстанда COVID жұқтырған науқастарға арналған 100-ден аса стационар жабылды

© AFP 2024 / PIERRE-PHILIPPE MARCOUВрачи с пациентом в палате реанимации в больнице с коронавирусом
Врачи с пациентом в палате реанимации в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2021
Жазылу
Бұл стационарларда 30 мыңнан аса төсек-орын болған, егер қажеттілік туындаса, олар қайтадан пайдаланылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Қазақстанда 25 тамыздан бері коронавируспен ауырған науқастарды емдеуге арналған 103 стационар жабылды. Мұндай шешім эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты қабылданды, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

"Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты өңірлерде 25 тамыздан бері ковидтік стационар ретінде көмек көрсеткен 103 нысан жабылды", - деп жазды ол Facebook-те.

Министр жоғарыда көрсетілген стационарларда 33 465 инфекциялық төсек-орын орналасқанын нақтылады. Қажеттілік туындаса, олар вирус жұқтырғандарды емдеу үшін резерв ретінде қайтадан пайдаланылады.

Бұған дейін Цой Қазақстанда тамыздың екінші жартысынан эпидахуал тұрақтанғанын, аурушаңдық 3,2 есе, өлім-жітім 2,7 есе төмендегенін мәлімдеді.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 908 847 адам коронавирус жұқтырды, соның ішінде 850 849 пациент дертінен айықса, 11 613 адам қайтыс болды.

Бұған қоса, 2020 жылдың 13 наурызынан ковидтік пневмонияға шалдыққан 77 434 адам тіркелді, 4 931 науқас көз жұмды, 65 558 пациент сауығып шықты.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0