НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуландтың Мәскеуге сапарына назар аударғандар көп болды. Бірнеше күн бұрын Женевада стратегиялық тұрақтылық бойынша Ресей-АҚШ консультациялары өтті. Бұл консультацияда америкалық делегацияны мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Уэнди Шерман басқарды, деп жазды РИА Новости.
Әрине Виктория Нуландтың өзін ресейліктер Украинаны АҚШ-тан бақылаудың басты символы ретінде қабылдайтыны жасырын емес. Сондықтан әлі де оның Майданда печенье таратқанын ұмытпады. Сол шақта ол мемлекеттік хатшының көмекшісі қызметін атқарды. Янукович қызметтен кеткеннен кейін Украина бойынша Ресей-Америка келіссөзіне қатысты және іссапармен Мәскеуге де келген.
Путин мен Байденнің маусымдағы саммиті кезінде Нуланд АҚШ делегациясының құрамында болды. Бірақ оған дейін де Нуландтың АҚШ әкімшілігінің Ресей бағыты бойынша жауапты маманы болатыны белгілі еді. Себебі ол Байден командасындағы Ресейді жақсы танитын қызметкер болды. Сонымен қатар Ресейде үш жыл тұрғаны тағы бар.
Сонымен қатар Уильям Бернс те орыс тілін біледі және Ресейде ұзақ уақыт тұрған. Алайда Мәскеудегі бұрынғы елші қазір Орталық барлау басқармасында директор қызметінде отыр. Яғни келіссөз жүргізуге аса қолайлы емес. Ал Нуланд үшін орыстармен байланысты жандандыру қызметтік міндетке айналды.
Бірақ америкалықтардың орыс шенеуніктеріне қарсы санкциялары салдарынан 2019 жылдан бастап Викторияға Ресей аумағына кіруге тыйым салынды. Вашингтон өзінің санкциялары арқылы Мәскеумен арадағы байланыс пен жұмыс жүргізуді тіпті қиындатып жіберді. Мысалы өздері қара тізімге енгізген Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен олар тек Еуропа немесе Мәскеуде кездесуге мәжбүр.
Нуландтың сапары ұзақ уақыт бойы талқыланды. Ресей америкалықтардың өтінішін қабылдауға асықпады. Бірақ ақырында оған кіру визасын ұсынуға келісті. Бірақ келісім бойынша америкалықтар да Ресей шенеуніктерінің бірін қара тізімнен алып тастауы керек болды. Америкалықтар бұл ұсынысқа қуанбаса да, олардың келіспеуге амалы болмады. Себебі екіжақты келіссөз кезінде талқыланатын мәселелер ауқымы өте кең болды. Сондықтан жиынды бейтарап аумақта өткізу Ресей үшін тиімсіз болар еді.
Алдағы келіссөз барысында ең алдымен екі ел елшіліктерінің жұмысын жеңілдету мәселесі қаралатыны анық. Себебі АҚШ пен Ресей өзара санкциялар мен шектеулер арқылы елшіліктердің жұмысын қиындатты. Сондықтан консультациялар барысында дипломаттарға аздаған жеңілдік берудің өзі бүгінде үлкен нәтиже ретінде қаралады.
Нуланд негізгі келіссөзді РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Рябковпен жүргізсе де, оның Путиннің көмекшісі Ушаков және президент әкімшілігі басшысының орынбасары Козакпен өтетін кездесуінің де маңызы зор.
Нуланд Ушаковпен кездесу барысында Таяу Шығыстан Қиыр Шығысқа дейінгі аумақты қамтитын түрлі өңірлік мәселелер бойынша Байденнің сәлемдеме сөздерін Путинге жолдайтыны белгілі. Бірақ ең өзекті мәселе Украинаға қатысты болмақ. Нуланд мұны Дмитрий Козакпен кездесу кезінде көтереді деп жоспарлануда.
Нуланд Мәскеуге келер алдында Дмитрий Медведевтің Ресей билігіне қатысты мақаласы жарық көріп, онда Путиннің Қауіпсіздік кеңесі бойынша орынбасары Ресей украин билігімен келіссөз жүргізудің мәні жоқ деп санайтынын айтқан.
Бұл Ресей Украина жайын америкалықтармен талқылайтынын білдіріп отыр. Жалпы соңғы жылдары Мәскеу Киев билігін екіжақты қарым-қатынас субъектісі ретінде қабылдамайтынын ашық айтып келеді. Себебі Ресей Киев элитасымен емес, америкалықтармен, англосаксондармен күресіп жатыр. Ал орыстар Вашингтонға Украина Ресейдің ұлттық мүдделері аумағында орналасқанын ұғындырғысы келеді.
Ресей мұндай әрекетке барса, өз қолын өзі шапқанмен тең болар еді. Өйткені держава өзге елдің өтініші бойынша жаһандық ауқымдағы өзінің стратегиялық ұстанымдары мен мүдделерін өзгертпеуі керек. Мұндайға жол берген мемлекет жаһандық саясат субъектісі рөлінен айырылып, жаңа әлемдік тәртіпті орнатушылардың қатарынан шығады.
Сондықтан Нуланд осы сапарында Украина арқылы Ресейге ықпал етудің мүмкіндіктерін анықтап білгісі келгенімен, олар басты мәселені ескермеуі мүмкін: орыстар украиндерге бауырлас халық ретінде қарайды. Сондықтан екі мемлекеттің бір-бірімен соғысуына жол берілмейді. Осы себепті америкалықтар Ресеймен қарым-қатынасын түзеткісі келсе, орыстарға Украина арқылы ықпал етуді доғаруы керек, дейді сарапшылар.