Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда жеңіл көлік 14 қойды басып өлтірді

© Photo : Rico_LoebЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2021
Жазылу
36 жастағы Көкшетау тұрғыны жолға шығып кеткен малды жақындап қалған кезде бір-ақ көріп, көлігін тоқтатып үлгермеген

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында ВАЗ 2115 автокөлігінің жүргізушісі бір отар қойды басып кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиға 11 қазанға қараған түні Тайынша ауданы Кременчуг ауылының маңында "Нұр-Сұлтан – Петропавл" автожолының 370 шақырымында болған.

36 жастағы Көкшетау тұрғыны жолға шығып кеткен малды жақындап қалған кезде бір-ақ көріп, көлігін тоқтатып үлгермегені анықталды. Салдарынан 14 бас мал қырылды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ, көлікке зақым келген.

Мал иесіне қатысты Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

"Осындай жол апаты қыркүйек айының соңында Есіл ауданының аумағында болды. Полиция қызметкерлері осындай оқиғалардың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мал айдаушыларға да қырағылық таныту керек. Олар жол қозғалысының қатысушысы екендігін естен шығармағаны жөн және ережені орындау қажет", – дейді СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Оның айтуынша, малды жол бойымен күндіз айдап өту қажет, ал қараңғы уақытта жақындап келе жатқан автокөліктерге фонарьмен немесе алаумен сигнал беру керек.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0