Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда көлік жүргізушісі бір отар қойды қағып кетті

© Sputnik / Абзал Калиевқойлар
қойлар - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2021
Жазылу
Қақтығыс малдың өтуін білдіретін белгісі бар аумақта болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында көлік жүргізушісі бір отар қойды қағып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Төтенше оқиға Есіл ауданында болған. Явленка аудан орталығына жақын маңдағы Петропавловск - Жезқазған тас жолында Daewoo Nexia көлігі бір отар қойды қағып өтті. 

"51 жастағы көлік жүргізушісі облыс орталығынан Шал ақын ауданына қарай бағыт алғаны белгілі болды. Қақтығыс малдың өтуін білдіретін белгісі бар аумақта болған. Салдарынан 14 қой өлді. Көлік жүргізушісі мен жолаушы айтарлықтай жарақат алған жоқ", - делінген хабарламада. 

Полиция мәліметіне сүйенсек, көлік жүргізушісі сау болған. Жол апатына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 1 бабы 610 бөлімі бойынша іс қозғалып, сотқа жіберілді. 

Жыл басынан бері облыста малды қағып кетудің 100-ден аса фактісі тіркелді. Салдарынан 20 адам көз жұмып, 149-ы жарақат алған. 

Оқи отырыңыз: 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0