Денсаулық

Депутат министрге: мұндай жағдайға қалай жол бердіңіз

© Sputnik / Абзал Калиевэлектрондық вакциналау паспорты
электрондық вакциналау паспорты - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2021
Жазылу
Біз халыққа мұның өзін-өзі алдау екенін түсіндіруге тырысып жатырмыз. Кімді алдағысы келеді, білмеймін, дейді Цой

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Мәжілісте өткен үкімет сағатында депутаттар жалған вакцина паспорттарының таралуына алаңдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Бекқали Торғаевтың мәліметінше, жыл басынан бері вакцина паспортын қолдан жасаудың 130 фактісі тіркелген. Бұл ретте қаржы мониторингі агенттігі 30 қылмыстық іс қозғаса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тағы 11 қылмыстық іс қозғады.

"Менің ойымша, мұндай жағдайлар халыққа қауіп төндіреді әрі азаматтардың вакцинацияға деген сенімін одан әрі азайтады. Сонымен қатар бұл елдің имиджіне теріс әсер етеді. Мұндай жағдайға қалай жол бердіңіздер? Жалған вакцина паспортын беруді тоқтату үшін не істеліп жатыр?", - деп сұрады мәжілісмен денсаулық сақтау министрінен.

Алексей Цой күш құрылымдары министрліктің өтінішімен жедел жұмыс жүргізіп, медицина саласын "тазартып" жатқанын еске салды.

"Өздеріңіз білесіздер, 90-нан аса қылмыстық іс қозғалды. Олардың жартысынан астамы – жалған ПТР-тест, қалғаны вакцина паспортын қолдан жасаумен байланысты. Әр жағдай жеке қарастырылады, сот шешімі шыққан бойда жалған паспорттар базадан өшіріледі. Яғни әр жағдайды тексереміз, өта қатаң бақылаймыз", - деді министр үкімет сағатында.

Айтуынша, әр вакциналау кабинетінде бейнебақылау камерасы орнатылған. Денсаулық сақтау басқармаларының медицина ұйымдары да ішкі бақылау жүргізеді.

"Біз халыққа мұның өзін-өзі алдау екенін түсіндіруге тырысып жатырмыз. Қағазды сатып алады, бірақ ол инфекциядан қорғамайды. Сонда кімді алдағысы келеді, білмеймін. Ал вакцина салдырса, тым болмаса коронавирустың ауыр түрімен ауырмайтынына кепілдік бар", - деді ведомство басшысы.

Цой вакцина паспортын қолдан жасау проблемасы тек Қазақстанда ғана емес, көрші елдерде де бар екенін алға тартты. Ал Еуропада бұл үшін қылмыстық қудалау көзделген.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0