14:11 28 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.95
  • EUR495.81
  • RUB5.84
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
140 0 0

COVID-19 қарсы вакциналарда коронавирустың спайк-ақуызы жоқ. Олардың құрамына тек осы ақуызды кодтайтын ген ғана кіреді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандықтар арасында коронавирусқа қарсы вакциналарға қатысты тағы бір қауесет тарады. Осы жолы доктор Райан Коулдың дәрісі негізінде жасалған видеода екпенің ми бұзылуына әкеліп соқтыратыны туралы, деп хабарлайды Stopfake.kz .

Видеода шетелдік дәрігер вакцинаға қосатын коронавирустың спайк-ақуызы адам өміріне аса қауіпті екенін мәлімдеген. Тіпті мидың бұзылуына әкеліп соқтырады дейді.


Райан Коул бұған дейін иммундаудың зияны туралы негізсіз және ашық жалған мәлімдемелер жасаған болатын. Мысалы, коронавирусқа қарсы вакциналардан болатын өлім-жітім соңғы 20 жылдағы вакциналардан әлдеқайда көп деп айтқан. Бірақ тілшілер дәрігердің тезисін жоққа шығарды.

Жалпы, вакциналардағы спайк-ақуыздың уыттылығы туралы теория жалған. Оны доктор Байрам Брайд да таратқан. Шетелдік фактчекерлер ол мифтердің шындыққа жанаспайтынын дәлелдеген. 

Шын мәнінде, спайк-ақуыз – бұл коронавирустың бетіндегі "тікенек". Патоген осы ақуыздар арқылы жасушаға енеді. Ақуыздың өзі ауру тудырмайды.

COVID-19 қарсы вакциналарда SARS-CoV-2 коронавирусының спайк-ақуызы жоқ. Олардың құрамына тек осы ақуызды кодтайтын ген ғана кіреді. QazVac және CoronaVac сияқты инактивті вакциналардағы вирустың өзі де, оның ақуыздары да адамға зиян тигізбейді, өйткені препараттағы патоген химиялық жолмен әлсіз етеді. Содан ол көбейе алмайды.

Вакцинадан бас тартқаны үшін зейнетақы төленбеуі мүмкін бе

Вакциналардың құрамына кіретін спайк-протеиннің уыттылығы туралы теориялар нақты вирустың спайк-ақуызын зерттеуге негізделген. Ғалымдардың бірнеше еңбегінде: "Мұндай ақуыздардың қан тамырлары мен өкпе тіндеріне әсер етуі, тіпті, тышқандарда гематоэнцефалитикалық тосқауыл арқылы өтуі мүмкін", - деп жазылған.

Адам вирусты ауа арқылы жұқтырған кезде солай болады. Себебі ағза көптеген спайк-ақуыздан тұратын тұтас өлтірілмеген және әлсіздендірілмеген вирусқа тап болады. Ал екпе салдырған жағдайда адамға белсенді емес вирусты немесе спайк-ақуызды кодтайтын жеке ген егіледі. Коронавирусқа қарсы вакциналар мидың бұзылуына әкелетіні туралы теориялар болса, Facebook әлеуметтік желісіндегі әзіл ақпараттан шыққан.

Коронавирус пен тұмауға қарсы вакцинаны бірге алуға бола ма - Бекшиннің жауабы

Желі пайдаланушылардың біреуі қастандық теорияларын жақтаушылармен әзілдемек болып, препарат миға зақым келтіруі мүмкін деген "ескерту жапсырмасы" бар вакцина қаптамасының суретін жариялаған. Ол туралы USA Today басылымы да жазған болатын.

Бүгінде әлем бойынша 3,21 миллиард адам вакцинаның алғашқы дозасын алған. 2,21 миллиарды препараттың екі дозасын салдырып үлгерді. Бірақ мидың бұзылу жағдайлары болған жоқ.

Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус, ми
Загрузка...

Басты тақырып