НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Қазақстанда жұмысқа коронавирусқа қарсы вакцина алғандарды кіргізу ресми түрде бекітілді. Денсаулық сақтау министрлігі басшысының толықтырылған бұйрығы НҚА ақпараттық-құқықтық жүйе сайтында жарияланды.
Өзгерістер денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынуы (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына енгізілді.
49-тармақ 11 және 12 тармақшалармен толықтырылды:
- 11) ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас санитар дәрігерлері белгілеген ұйымдарда/объектілерде COVID-19-ға қарсы вакцина алған жұмыскерлерге кеңсеге барып жұмыс істеуге рұқсат беру;
- 12) ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас санитарлық дәрігерлері белгілеген ұйымдарда/объектілерде COVID-19-ға қарсы вакциналанбаған жұмыскерлерді міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет), тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып шыққан адамда медициналық анықтама болған жағдайда кеңседен жұмыс істеуге жіберу.
Бұйрық 2021 жылдың 17 қазанынан күшіне енеді.
Бұған дейін республикада жұмысшылардың вакцина паспорты мен ПТР-тестілерін тексеруді заңдастыру жоспарланып отырғаны хабарланды. Құжат 20 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Оқи отырыңыз: