Қоғам

ПТР-тест пен вакциналау паспортын тексеруге қатысты бұйрық әзірленді

© Sputnik / Тимур БатыршинПаспорт вакцинации в Казахстане
Паспорт вакцинации в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2021
Жазылу
Құжатта тексеріс қалай жүргізілетіні, санитарлық эпидемиологтардың неге назар аударатыны егжей-тегжейлі баяндалған, сонымен қатар кәсіпкерлер үшін заң бұзушылықтардың дәрежесі көрсетілген

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан –  Sputnik. Қазақстанда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері әзірленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ашық НҚА" сайтында денсаулық сақтау және ұлттық экономика министрлерінің бірлескен бұйрығының жобасы жарияланды. Осы құжат аясында екі министрдің 2017 жылғы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізіліп отыр.

Атап айтқанда, егер нысанда санитариялық-эпидемиологиялық аудит жасалып, сәйкестік туралы есеп берілсе, онда ол тексерістен бір жылға босатылады тармақты алып тастау ұсынылып отыр. ПТР-тест пен вакциналау паспортының жоқтығы өрескел тәртіп бұзушылық болып саналады.

Жалпы, бірлескен бұйрықта 26 норма бар. Ал тәртіп бұзушылықтар өрескел, елеулі және елеусіз болып үшке бөлініп отыр. Төмендегі критерийлер сақталмаса, өрескел тәртіп бұзушылыққа жатады:

  • қызметкерлерді бір-бірінен кемінде 1 метр қашықтықта әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, бір үй-жайда орналастыру;
  • топтардың, залдардың толымдылығын жобалық қуаттың 50%-нан асырмай қамтамасыз ету;
  • объектінің қызметін шектеуге (тыйым салуға) қойылатын талаптарды сақтау (жұмыс режимі);
  • қызметтік көлікті қоса алғанда, қоғамдық көліктің жүргізушісінде, кондукторда қолды өңдеуге арналған антисептиктің және олар талап етілетін жиілікпен міндетті түрде ауыстырылатын қорғаныш құралдарының (маскалар мен қолғаптар) болуы;
  • жабық үй-жайларға, сондай-ақ қоғамдық көлікке қорғаныш маскалары жоқ келушілерді (жолаушыларды) жібермеу;
  • салтанатты іс-шараларды, ас беруді шектеуге қойылатын талаптарды сақтау;
  • бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде спорттық және отбасылық іс-шараларға қатысуды шектеуге қойылатын талаптарды сақтау;
  • нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімде алыс шет елдерден келгеннен кейін тестілеуден өту;
  • COVID-19 вакциналау паспортының болуы;
  • соңғы 3 ай ішінде COVID-19-мен ауырып жазылған, уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамда ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет), медициналық анықтаманың болуы.

Басқа да талаптарды мына жерден көруге болады.

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) мемлекеттік органдардың тәуекелді бағалау жүйесін және тексеру парақтарының нысандарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес әзірленді", - делінген бұйрықта.

Құжат 20 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Жаңалықтар
0