Оқиға

Солтүстік Қазақстанда әйелін атып өлтірген тұрғын сотта соңғы сөзін айтты

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2021
Жазылу
Виктория Лейман әкесіне қатаң жаза тағайындалуын сұраған. Ал Юрий Глушковтың қорғаушысы барынша жеңіл жаза берілуі керек дейді

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Солтүстік Қазақстанда әйелін мылтықпен атып өлтіріп, қызы мен жиенін жаралаған Юрий Глушковтың ісі бойынша сот отырысы мәресіне жетіп қалды. Бүгін тараптардың айғақтары тыңдалып, зардап шеккендер мен күдікті соңғы сөзін айтты, деп хабарлады Almaty.tv.

Қайғылы оқиға 10 мамыр күні Тимирязев ауданында болған. Әйелімен сөзге келіп қалған азамат ащы суға тойып алып, үйінде заңсыз сақталған мылтықпен зайыбының басынан 2 рет атқан. Бұл сұмдықты өз көзімен көрген жиен немересін де өлтірмекке оқталған.

"Сотталушы жатын бөлмеге барып қаруды оқтап, Шветовадан "Анаң қайда?" деп сұраған. Қыз "Ол Юраның үйінде" деп жауап берген. Қаруын оқтап қызды атпақ болғанда, кәмелет жасқа толмаған бала "Тиіспеші, мен сені жақсы көремін ғой" деп айғайлаған. Оған сотталушы "Жақсы көргенсің" деп жауап беріп, басына оқ атқан. Сол сәтте қыз басын сол қолымен жауып үлгерген. Кейін есінен танып қалған", – деп түсіндірді облыстық прокуратураның аға прокуроры Азамат Жүсіпов. 

Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғыны әйелін атып өлтіріп, немересін жаралады 

Ауыр жарақат алған 14 жастағы қыз есін жиып, анасына хабарлама жіберген. Оқиға орнына келген Виктория Лейман да өз әкесінің қолынан бақилық бола жаздап, әрең қашып кеткен.

"Виктория Лейманға тиген оқ денесінде қалып қойған. Дәрігерлер оны алып тастаса, әйелдің өмірлік маңызды органдары зақымдалады деген шешімге келді", – деді жәбірленушінің адвокаты Төлеген Қашенов.

Виктория Лейман әкесіне қатаң жаза тағайындалуын сұраған. Ал Юрий Глушковтың қорғаушысы барынша жеңіл жаза берілуі керек дейді.

"Жаза тағайындау кезінде сотталушының өз кінәсін мойындағанын, істеген ісі үшін өкінгенін ескеріп, жеңіл жаза беруді сұраймын", – деді күдіктінің қорғаушысы Елена Моисеенко.

Күдікті "Адам өлтіру" және "Адам өлтіруге әрекет жасау" баптары бойынша 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді.

Жаңалықтар
0