НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында 58 жастағы ауыл тұрғыны әйелін атып өлтіріп, немересін жарақаттады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға аудан орталығы Тимирязевте болған.
"10 мамырда сағат 17.15-те Тимирязев аудандық полиция бөліміне аудан орталығындағы үйлердің бірінде оқ атылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер үй ауласынан 1962 жылы туған әйелдің мәйітін тапты. Сондай-ақ, атыс қаруынан жарақат алған 2007 жылы туған қыз аудандық ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.
Тексеру нәтижесінде 1962 жылы туған үй иесі мас күйінде әйелімен жанжалдасып, оны "ИЖ" қаруымен атып өлтіргені белгілі болды. Осы кезде ерлі-зайыптылардың үйде болған немересі де оқтан жарақат алған.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 1-бөлігінің 99-бабы (адам өлтіру) мен 2-бөлігінің 1-тармақшасы (адам өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда полицей ауыл тұрғынын атып өлтірді
Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.