НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Тәжікстан президенті бүгін 69 жасқа толды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстан елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентінің қазақ-тәжік арасындағы достық қарым-қатынас пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті
Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады, деп жазады Ақорда.
Эмомали Рахмон Душанбеде өткен ҰҚШҰ мен ШЫҰ саммиттеріне белсенді атсалысып, жемісті жұмыс атқарғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.
Тараптар жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогты сақтауды және халықаралық ұйымдар аясында өтетін алдағы кездесулердің кестесін талқылады.