Саясат

Құшақ жая қарсы алды: Тоқаев Тәжікстанға екі күндік ресми сапармен барды – видео

© Photo : Пресс-секретарь Президента Казахстана Берик Уали/facebookПрезидент Касым-Жомарт Токаев прибыл в Душанбе с двухдневным официальным визитом по приглашению Президента Таджикистана Эмомали Рахмона
Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл в Душанбе с двухдневным официальным визитом по приглашению Президента Таджикистана Эмомали Рахмона - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2021
Жазылу
Өткен аптада ғана мемлкет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлескен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруы бойынша екі күндік ресми сапармен Душанбеге барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды.

Бұл – Қазақстан президентінің биылғы алғашқы шетелдік сапары. 

Ал Қазақстан президентін Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

"Ертең түске дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылмақ. Сондай-ақ мемлекет басшылары БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізеді", – делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек сапар бағдарламасына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады және Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасымен және Тәжікстанның премьер-министрімен кездесуі жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлескен болатын. Солардың қатарында президент Эмомали Рахмонмен әңгіме барысында Тоқаевтың алдағы уақытта Тәжікстанға жасайтын ресми сапарының жай-жапсары талқыланған.

Жаңалықтар
0