Қоғам

Қазақстанда төсбелгінің жаңа түрі енгізіледі

© Sputnik / Болат Шайхиновмемлекеттік наградалар
мемлекеттік наградалар - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Жазылу
Төсбелгінің сыртқы жағының ортасында Қазақстан картасы орналасқан

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Мемлекеттік органдардың ведомствоаралық наградалары тізіміне тағы екі төсбелгі қосылады. Үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. 

Атап айтқанда, "Құрметті метролог" төсбелгісін енгізу жоспарланып отыр. Оны метрология саласында кем дегенде 10 жыл еңбек еткен мамандарға табыстайды. Сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.

"Құрметті метролог" төсбелгісінің диаметрі - 35 мм. Медаль жезден жасалады. Бет жағында тегіс аббревиатурамен ҚС (Қазақстан сапасы) деген элемент орналасқан. Жоғарғы жағында "Құрметті метролог", төменгі бөлігінде қазақы ою-өрнек ойылған.

"Төсбелгінің сыртқы жағының ортасында Қазақстан картасы орналасқан, жоғарғы бөлігінде "Метрология саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" деген қазақша сөздер және төменгі бөлігінде сериялық нөмірі ойылып жазылады", - делінген порталда.

Сондай-ақ қаулы жобасымен "Құрметті стандарттаушы" төсбелгісін енгізу жоспарланған. Оны стандарттау саласында 10 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар кәсіби қызметкерлерге, сондай-ақ ұлттық стандарттау жүйесін дамытуға үлес қосқан өзге де адамдарға тапсырады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0