Қоғам

Мұғалімдерге жаңа мемлекеттік награда табысталды - видео

© Sputnik / Абзал КалиевУчебники, иллюстративное фото
Учебники, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2021
Жазылу
Қазақстанда алғаш рет педагогтерге "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасы табысталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз — Sputnik. Президент жарлығымен 25 мұғалім білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатқа ие болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Алашорданың тұлғалары мұғалімді төрге отырғызсақ деген еді. Сол идея бүгінгі таңда іске асты. Қазір біз төрде отырмыз. Мұғалімдерді қоғам да мойындады. Ата-ана да, оқушы да мұғалімсіз тәлім-тәрбие ала алмайтынын түсінді. Ұстаз осы атаққа лайық болу керек. Ол үшін мұғалімнің жүріс-тұрысы да, киген киімі де, сөйлеген сөзі де өнеге тұтарлықтай болу керек. Мұғалім сондай дәрежеге жетсе ғана оқушылардың жүрегінен орын алады", – дейді еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Орынша Қарабалина

Мемлекеттік марапат алғандардың қатарында Алматы облысы № 1 мектеп-гимназиясының химия және биология пәнінің мұғалімі Татьяна Станкевич та бар. Оның еңбек өтілі - 35 жыл. Ұстаз шәкірттеріне экологиялық мәдениетті үйретіп, жас еріктілерді тәрбиелеп шығарған. Ал 2013 жылы "Үздік педагог" атанған. 

"Бүгін ұстаздар үшін айтулы күн. Бұл еліміздегі мұғалімдердің атқарған жұмысына берілген жоғары баға. Оқушының қолына алғаш рет қалам ұстатып, әріп танытқан, білім берген мұғалімдердің зор еңбегіне көрсетілген құрмет үшін алғысым шексіз", – дейді Станкевич.

Награданы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыстады. Оның айтуынша, "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағына ие болған педагог 1 000 айлық есептік көрсеткіш (2 917 000 теңге - Sputnik) мөлшерінде біржолғы төлем алады.

"Педагогтерге мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасы тағайындалды. Еңбектеріңіз бен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Наградаларыңыз құтты болсын!", – деді Министр Асхат Аймағамбетов.

Жаңалықтар
0